Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жындарды қумақ болған ер адам туған ұлының әуретті жерін шауып тастады

Опубликовано:

Үндістан тұрғыны Рам Гопал Патель 13 жастағы ұлының әуретті жерін балтамен шауып тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

29 жастағы ер адам мұндай жантүршігерлік әрекетке үйіндегі жындарды қуу үшін барғанын алға тартқан. Оның сөзіне сенсек, үйінде заттар өздігінен тарсылдап, отбасында жиі сәтсіздіктер болыпты.

Сол себепті, дуагер Раджеш Ядавқа жүгінген азамат оның айтқанын бұлжытпай орындаған. Раджеш оған ұлын жынға құрбандыққа шалып, оның әуретті жерін шауып тастауға кеңес беріпті.

Патель ұлы мектептен келгенін күтіп, Ядавпен бірге оны басынан ұрып құлатады. Қатыгез әке есінен танған жеткіншектің әуретті жерін шауып тастап, оны қансыраған күйі өлім аузында қалдырған.

Ұл бала есін жимастан тіл тартпай кетті. Жеткіншектің анасы полиция шақыртады. Ол "зұлым жындар" күйеуін есінен адастырғанын айтуда. Дуагер мен баланың әкесі қамауға алынды.

Тағы оқыңыздар:

Қасиетті Мекке жерінде селфи жасауға тыйым салынды

Әлия Назарбаева Қазақстанда жаңа қауымдастықты басқарады

Екінші әйел алғанын айтқан Қырғызстан мүфтиінің басы дауға қалды

"Ислам мемлекетіне" секс-құлдыққа түскен ару азапты күндері туралы айтты

Атырау облысында кішкентай балалар 50 келілік ауыр қаптарды тасып жүр (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1691694-zhyndardy-qumaq-bolghan-er-adam-tughan-ul/

pixel