RU

Алматы облысында сәби кір жуғыш машинаның ішінде тұншығып өлді

Бір жарым жастағы қыз абайсызда кіржуғыш машинаның ішіне түсіп кеткен. Алматы облысында бір жарым жастағы қыз кіржуғыш машинаның ішінде суға тұншығып өлді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы оқиға 28 қарашада Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында болған.

Біраз уақыт қараусыз қалған кішкентай қыз орындыққа шығып, су толып тұрған жартылай автомат кіржуғыш машинаға түсіп кетеді. Сәби өз бетімен шыға алмай, тұншығып өлген.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Баланың өлімі әзірше жазатайым оқиға ретінде қаралып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде", — деп атап өтті облыстық полиция.

Тағы оқыңыздар:

Қасиетті Мекке жерінде селфи жасауға тыйым салынды

Әлия Назарбаева Қазақстанда жаңа қауымдастықты басқарады

Екінші әйел алғанын айтқан Қырғызстан мүфтиінің басы дауға қалды

"Ислам мемлекетіне" секс-құлдыққа түскен ару азапты күндері туралы айтты

Атырау облысында кішкентай балалар 50 келілік ауыр қаптарды тасып жүр (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1692028-almaty-oblysynda-sabi-kir-zhughysh-mashin.html