RU

Шымкент көшесінде қайыр сұрап жүрген үш жасар қыз көпшілікті алаңдатып қойды (фото)

Шымкентте ата-анасының қарауынсыз қайыр сұрап жүретін үш жасар бүлдіршін қала тұрғындарының аяушылығын туғызды. Балақай жалғыз өзі аялдамада тұрып, келушілерден сескенбей ақша сұрайды. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тұрғындардың кейбірі бүлдіршінге жаны ашып қайыр берсе, енді бірі оның көкірегінен итеріп жібереді. Кішкентай ғана балақайдың қорықпай жалғыз өзі ақша сұрап жүргені көпшіліктің жағасын ұстатты. Бұл маңайдағы жұрт үш жасар қайыршы қызды "жүрек жұтқан" дейді. Бірақ, қараңғы түскен сәттен бастап, балақайды аялдамадан көрмейсің.

"Меніңше бұл балақайды туыстары әдейі аялдамаға тастап кетеді. Өйткені оны көргендер жаны ашып, ақша беруге құмар. Өзі кішкентай болса да берген ақшаны түгелдей санап отырады. Біз таңқаламыз", - дейді қала тұрғыны Жанна.

Қайыр сұрап жүрген балақайларды Шымкентте көп кезіктіруге болады. Бірақ, жасөспірімдердің "неліктен? кімнің тапсырмасымен" ақша сұрап, көше қаңғып жүргенін біле алмадық.

Жастайынан қайыр сұрағандардың заңдылығын білу үшін портал тілішісі ОҚО ІІД ақпараттық сұраныс жіберді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев пен Лукашенко Минскідегі кездесуде не талқылады?

Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз: Аяғымнан тұру үшін 20 млн керек

Бұрынғы күйеуін жек көретін ақтөбелік келіншек балағат сөзі үшін сотта жауап берді

Даниал Ахметов өңірдегі елді мекен атауларын қашан қазақшаға ауыстыратынын айтты

Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беремін деп жұртты алдап соққан алаяқтар ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1692093-shymkentte-zhalghyz-ozi-qayyr-surap-zhure.html