RU

10 жылға жаза кесілген Қанат Сұлтанбековтың сыбайласы сот үкімінен соң талып қалды

Кеше Астанада «Қазақстан инжиниринг» төрағасының бұрынғы орынбасарына үкім кесілді. «Ірі көлемде пара алды» деп айтыпталған Қанат Сұлтанбеков 10 жылын қатаң тәртіптегі калонияда өткізуі тиіс деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сұлтанбековке қатысты сот отырысы бастан-аяқ жабық өтті. Сол себепті атышулы қылмыстық істің анық-қанығы жабулы қазан күйінде қалып отыр. Тілшілерге тек сот үкімін тыңдауға ғана рұқсат етілді.

Жыл басында тұтынға алынған Сұлтанбековке «ірі көлемде пара алды» деген айып тағылған. Бірақ ауызбастырықты кімнен және не үшін алғаны белгісіз. Аталмыш істі біраз уақыт тергеген сот ұлттық компания төрағасының бұрынғы орынбасарын 10 жылға соттады.

"Қанат Сұлтанбеков кінәлі деп табылсын. Жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынып, «Құрмет» наградасынан айырылсын", - деді судья.

Үкім оқылған бойда «Қазақстан инжиниринг» төрағасының экс-орынбасары тура сот залында қамауға алынды. Бұған дейін ол үй қамақта отырған болатын.

Сұлтанбековтың 8 сыбайласы да жаза арқалады. "Қылмысты жасырып, пара алды және берді" деп айыпталғандар 3-7 жылын абақтыда өткізеді. Олардың арасында кәсіпкерлер мен Қорғаныс министрлігінде лауазымды қызметте болған екі бірдей полковник пен әскери бөлімнің бұрынғы басшысы, тіпті Израиль азаматы да бар. Соңғысы үкімді естіген сәтте есінен танып қалды.

Бір айта кетерлігі, Сұлтанбековпен қатар Қорғаныс министрлігінің бұрынғы лауазымды қызметкерлері де мемлекеттік наградаларымен қош айтысып, әскери атағынан айырылды. Ал, бұлардың адвокаттары болса, бір ауыздан апелляциялық шағым түсіреміз деп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев пен Лукашенко Минскідегі кездесуде не талқылады?

Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз: Аяғымнан тұру үшін 20 млн керек

Бұрынғы күйеуін жек көретін ақтөбелік келіншек балағат сөзі үшін сотта жауап берді

Даниал Ахметов өңірдегі елді мекен атауларын қашан қазақшаға ауыстыратынын айтты

Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беремін деп жұртты алдап соққан алаяқтар ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1692101-10-zhylgha-zhaza-kesilgen-qanat-sultanbeko.html