RU

Қамаудағы Бақытбек Есентаев қарындасының туған күніне тосынсый жасады (фото)

Қамауда отырған Бақытбек Есентаев өзінің қарындасы Нағиманың туған күніне тосынсый жасады. Ол достары арқылы өзінің жақынына сыйлық беріп жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Нағима Есентаева өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Қашан да қамқоршы, жанашыр, ақкөңіл, көпшіл, жомарт, пейілі кең, туысшыл асқар тау ағатайым менің! Мен соншалықты толқығаннан не жазарымды да білмей қалдым. Қаншалықты өмір тәлкегіне түсіп, қамауда отырсаң да "қарындасым, қаным, жаным" дейсің. Өзің алыста шарасыз жерде отырсаң да, қасында жоқтығын сезінбесін деп достарың арқылы жасаған тосынсыйыңды алып, екі көзге ерік беріп отырмын. Алладан өзіңнің тек аман-есен ортамызға келуіңді тілеп отырмын.

Жүрген ортаңа қашан да сыйлы, құрметті азамат болғандығыңнан достарың да бір ауыз тілегіңді жерге тастамай, қалауыңды жасап, келіп құттықтап кетті. Өзі жақсы адамға бір кісілік орын бар", - деп жазған ол ағасының Аида Кәуменованың көйлегін сыйға тартқанын айтты.

Ал желі қолданушылары болса, ағасының достарына риза болып, Бақытбектің тезірек босап шығуына тілектестік білдірді.

Тағы оқыңыздар:

Қымбат көлік мініп жүретін 22 жастағы Қазақстан тумасы Америкада істі болды 

10 жылға жаза кесілген Қанат Сұлтанбековтың сыбайласы сот үкімінен соң талып қалды

Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беремін деп жұртты алдап соққан алаяқтар ұсталды

Шымкентте жалғыз өзі қайыр сұрап жүретін үш жасар балақай көпшілікті алаңдатып қойды 

Қазақстан құрамасының бас бапкері ойынға "Ресей" деп жазылған бас киіммен шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1692262-qamaudaghy-baqytbek-esentaev-qarynda.html