RU

Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы деп өзгертілді

Алматы қаласындағы Фурманов көшесі "Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы" болып өзгертіледі деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгін Алматы қаласы мәслихатының VI шақырылымындағы сессиясы барысында мегаполистің көптеген тұрғындарының ұсынысы бойынша қалалық ономастикалық комиссия мен Қазақстан Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиямен келісіп, Алматыдағы басты көшелердің біріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімін беру туралы шешім шығарылды.

Сессия барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 112 көшені қайта атау туралы ұсынысты ономастикалық комиссияға ұсынғаннан кейін интеллигенция өкілдері, ҮЕҰ, қала тұрғындары және біршама жастар тарапынан мегаполистің негізгі көшелерінің бірі - Фурманов көшесіне тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы елбасы есімін беру туралы көптеген өтініш келіп түскенін атап өтті.

«Биылғы жыл біз Астананың 20 жылдығын атап өтеміз. Еске алсақ, тарихтың өзі елбасының астананы көшіру туралы шешімінің қаншалықты шынайы екенін дәлелдеді. Еуразияның орталығында жаңа заманауи қаланы құру ғана емес, сондай-ақ еліміздің бизнес орталығы ретінде қуатты серпін алған Алматы дамуының тұрғысынан да. Бұл шешім президенттің экономикалық реформаларымен қатар жеке бастаманы, кәсіпкерлік рухын дамытуды ынталандырды. Ал бүгін Алматы - Орталық Азиядағы ірі мегаполиске айналған аймақтық магнит», - деді Бауыржан Байбек.

Ол мемлекет басшысының тұрақты қолдауы арқасында жүргізілген жүйелі реформалар барысында қала экономикасының 100 есе өскенін, шағын және орта бизнес қатарының 130 есе көбейгенін айтты. Егер сонау 90-шы жылдары Алматы ІЖӨ оннан бір бөлігін ғана берсе,бүгінгі таңда мегаполис экономиканың бестен бір бөлігін қамтамасыз етуде, жалпы еліміздің мұнайдан түсетін салығының төрттен бірін беруде, мұнда шағын және орта бизнестің барлық өнімінің төрттен бірі шығарылуда.

"Дәл осы қалада елбасының бастамасымен Конституцияны қабылдау, ұлттық валютаны енгізу, Қарулы Күштерді құру, мемлекеттік рәміздерді бекіту, Семей полигонын жабу сиқяты тарихи істер жүзеге асты. Сондықтан Алматыда мұндай шешімнің қабылдануы өте орынды", - деді мегаполис әкімі.

Тағы оқыңыздар:

Қымбат көлік мініп жүретін 22 жастағы Қазақстан тумасы Америкада істі болды 

10 жылға жаза кесілген Қанат Сұлтанбековтың сыбайласы сот үкімінен соң талып қалды

Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беремін деп жұртты алдап соққан алаяқтар ұсталды

Шымкентте жалғыз өзі қайыр сұрап жүретін үш жасар балақай көпшілікті алаңдатып қойды 

Қазақстан құрамасының бас бапкері ойынға "Ресей" деп жазылған бас киіммен шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1692289-almatydaghy-furmanov-koshesin-nazarba.html