Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жасар қызын зорлап, жүкті қылған ер адам асылып қалды

Опубликовано:

Омбыда 12 жасар қызын зорлап, жүкті еткен ер адам асылған күйі табылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы om1.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз баланың жүрегі айнып, басы айнала бастағасын анасы оны дәрігерге алып барады. Нәтижесінде жеткіншектің аяғы ауыр екені анықталған. Құрсақтағы бала өсіп қалғандықтан, жеткіншекке түсік тастауға болмайтыны да белгілі болды.

Ең сорақысы, қыз баланы жүкті еткен туған әкесі болып шықты. Ол жеткіншекті ағымдағы жылдың мамырында зорлап тастаған екен. Әкесі қызына бұл жайт туралы тіс жармауын бұйырып, өзі өзге аймаққа жұмыс бабымен кетіп қалады.

Әкесінен қорыққан қыз шындықтың беті ашылмайынша анасына бұл жайт туралы мүлде айтпаған. Қыздың әкесіне іздеу салынғаннан кейін ер адамның қайтыс болғаны туралы хабар келіп жетті.

Соңғы айларда Урал аймағында тұрып келген 37 жастағы азамат асылған күйі табылыпты. Ол қылмыс жасағаннан кейін өзіне қол салды деген болжам жасалуда.

Тағы оқыңыздар:

Қымбат көлік мініп жүретін 22 жастағы Қазақстан тумасы Америкада істі болды 

10 жылға жаза кесілген Қанат Сұлтанбековтың сыбайласы сот үкімінен соң талып қалды

Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беремін деп жұртты алдап соққан алаяқтар ұсталды

Шымкентте жалғыз өзі қайыр сұрап жүретін үш жасар балақай көпшілікті алаңдатып қойды 

Қазақстан құрамасының бас бапкері ойынға "Ресей" деп жазылған бас киіммен шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1692367-12-zhasar-qyzyn-zorlaghan-ake-asylghan-kuyi/

pixel