RU

Адамдарды құлдыққа жеккенді ұнататын президенттің әйелі туралы не білеміз? (фото)

Аргентина президенті Маурисио Макридің әйелі ел арасында құл ұстаушы адам ретінде танылып кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы snatchnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

43 жастағы Хулиана Авадаға бес рет құл ұстады деген айып тағылған болатын. Бұл жайтқа айшықты дәлелдер де келтірілгеніне қарамастан, президенттің әйеліне ешқандай жаза тағайындалмаған.

Белгілі болғандай, Хулиана AWADA атты әйелдер киімінің брендін және Cheeky атты балалар киімінің брендін отбасылық бизнесіне айналдырған. Аталмыш брендтердің Аргентина бойынша 180-ге жуық дүкені бар.

Брендке тігілетін киімдердің денін заңсыз фабрикаларда боливиялық және парагвайлық құлдар әзірлейді.

Олар ауа баптағышы мен желдету жүйесі жоқ бөлмеде тәулігіне 12-14 сағат жұмыс істеуге мәжбүр. Кей жұмыскерлер жұмыс орнында кішкентай балаларымен бірге түнеуге дейін барады.

Құлдыққа жегілгендерге айына 150 доллар ғана төленеді. Оларға үйіне қайтуға көп жағдайда рұқсат бере бермейді.

Авада президенттің әйелі атанғаннан кейін аталмыш фабрикаларға қатысы жоқтығын көрсететін құжаттар ұсынған. Тіпті дінін ауыстырып, католикке айналған әйел бүгінде қайырымдылықпен айналысуға бет бұрған.

Тағы оқыңыздар:

12 жасар қызын зорлап, жүкті қылған ер адам асылып қалды

Қостанайда буындырып өлтірілген 22 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

Анасынан айырылған павлодарлық қыздың хаты жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беремін деп жұртты алдап соққан алаяқтар ұсталды

Жақсыбеков Қырғызстандағы төңкеріс кезінде Бакиевті қалай алып шыққанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1692575-adamdardy-quldyqqa-zhekkendi-unataty.html