RU

Ақтөбе облысында 10-сыныптың оқушысы мектепте қайтыс болды

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында 10-сыныптың оқушысы мектепте қайтыс болды. Марқұм қаладағы №8 орта мектепте білім алған деп хабарлайды Керек инфоға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нақты деректерге қарағанда, аталған мектепте шара өтуге тиіс екен. Шара басталмай тұрып, аяқ киімін ауыстыру үшін арнайы бөлмеге кірген оқушының денсаулығы оқыстан нашарлап, талып қалған.

"Мектеп дәрігері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырыпты. Алайда олар келгенше, баланың жүрегі тоқтап қалған секілді. Нақты себебін басқа органдар анықтап жатқан шығар, ол жағын білмедік", - дейді аудандық білім бөлімінің қызметкері.

Ол оқушының оқу үлгерімі де, тәртібі де өте жақсы болған екен. Тек тұйықтау болыпты. Жақында ғана ата-анасы ажырасып, әкесінің қасында қалыпты. Ал анасы басқа балаларымен бөлек кеткен екен.

Тағы оқыңыздар:

Баян Есентаева денсаулығы жайлы бар шындықты жайып салды (фото)

"Музарт" тобының әншісі басына түскен ауыр сынақ туралы жасырмай айтты

Әскери қылмыс үшін айыпталған генерал сотта у ішіп, өзіне қол салды

Халықтың жағдайына көңілі толмаған Түркіменстан басшысы әкімдерді жұмыстан қуған

Адамдарды құлдыққа жеккенді ұнататын президенттің әйелі туралы не білеміз? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1692741-aqtobe-oblysynda-10-synyptynh-oqushysy.html