RU

БҚО-да миллиондаған пара алған ірі шенеунік 13 жылға сотталып кетті (фото)

Оралда миллондаған пара алған шенеунік сотталды. Облыстық кіріс департаментінің бөлім бастығы Нұрболат Орналиев, алдағы 13 жылын темір торда өткізетін болады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сотталушыға алаяқтық, пара беруге азғыру және пара алу баптары бойынша айыптар тағылды.

113 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленсін. Өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді", - дейді БҚО мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов.

Естеріңізге салсақ, жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро, Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім бастығын шілде айында 25 миллион теңге пара алып жатқан сәтінде құрықтаған. Бұл, ірі көлемдегі параның соңғы бөлігі екен.

Себебі, кейін тергеу мәліметтерінде, оның жалпы көлемі 101 милллион теңгені қалтасына басқаны анықталды. Арам жолмен пайдаға кенелген ол, қайырымына жалған кәсіпкерлікке қатысты қылмыстық істі тоқтатып, әрі қарай қолдау көрсетпек болыпты.

Тағы оқыңыздар: 

Назарбаев пен Жээнбеков шекара бойынша келісімге келді (фото)

Ғалымдар өмірді ұзартудың жаңа тәсілін тапты

Қызылордада контейнерге түнеп жүрген 17 жастағы жігіт өрттен тірідей жанып кетті (фото)

ОҚО-да жеке тұрғын үйден шыққан өрттен бір үйдің үш баласы тірідей өртеніп кетті

Анджелина Джолиге ұқсау үшін 50 рет ота жасатқан әйел адам шошырлық күйге түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1693237-bqo-da-milliondaghan-para-alghan-iri-shen.html