RU
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кабинеті қандай? (фото)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кабинеті қандай? (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш президенті күні. Осыған орай NUR.KZ порталы Елбасы кітапханасының музейіне бас сұғып, мемлекет басшысының жұмыс кабинеті мен елбасына тиесілі құнды жәдігерлермен танысып қайтқан еді. Президент Әкімшілігінің бұрынғы ғимаратында кімдер отырып, қандай маңызды шешімдер қабылданды? Мемлекет басшысының бұрынғы жұмыс орны қандай?

Осыдан 20 жыл бұрын Мемлекет басшысы мен еліміздің бірқатар шенді-шекпенділері отырған бұл ғимарат қазір «Елбасы Кітапханасы Музейі» деп аталады. Музейдің кіре-берісінен мемлекеттік мекемеге тән ерекше аура байқалады: төрде Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясынан сыр шертетін түрлі-түсті карта көрінсе, оның дәл жанынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреті орын тепкен.

Ал мына бөлме - елбасының қабылдау бөлмесі. Мұнда, тиісінше, мемлекет басшысының хатшылары отырған.

Қабылдау бөлмесіне қарсы бетте бір кездері еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі отырған жұмыс кабинеті орналасқан.

Онда елбасының жұмыс үстелі, бірнеше телефон мен мемлекет басшысы пайдаланған түрлі заттар бар.

Мәселен, жұмыс үстелінен Нұрсұлтан Әбішұлының қаламы мен қойындәптерін таба аласыз. Ал, телефон бетінен сол кездері елімізде түрлі қызмет атқарған атқамінерлердің тегін байқайсыз.

Президент кабинетінен мемлекеттік рәміздерге де орын табылыпты.

Бұған қоса, аталмыш орыннан Конституцияны да көруге болады.

Ғимараттың екінші қабатында, сондай-ақ, бұрындары түрлі мәртебелі меймандарды қабылдаған зал мен елбасының «Түскі ас» залы бой көтерген. Іші кең әрі жарық мына залда қазір түрлі тақырыптардағы көрмелер ұйымдастырылатын көрінеді.

Ал, Мемлекет басшысы тамақтанатын бөлмеде, шағын үстел мен орындықтар орналасқан. Үстел басында Нұрсұлтан Әбішұлы отырса, маңайында түрлі меймандар жайғасады екен.

Мұндағы ыдыс-әйнектерінің безендірілуі де айрықша: шыны табақтардың жиектері алтын түстес жолақпен өрнектеліп, мемлекеттік туда «бекітілген» сары күннің кескіні салынған. Музей мамандарының айтуынша, ыдысты даярлауға арналған шыны Германиядан арнайы әкелінген екен.

Мемлекет басшысы көптеген маңызды шешім қабылдап, Астана қаласының бас жоспарын бекіткен зал – Алтын зал деп аталады. Дәл осы жерден сол жылдары бас шаһардағы түрлі ғимараттар құрылысына жауап берген Кисе Куракаво мен елбасының тарихи суретін тамашалай аласыздар.

Бір қызығы, бөлме залындағы мына шыны әйнекте елбасының өз қолымен салынған музей сызбасы да сақталған.

Музей ішінен, сонымен бірге, елбасына әр жылдары тарту етілген түрлі бағалы кәде-сыйлықтарды да көресіз. Мысалы, мына жеміс салатын вазаны 2015 жылы Түркия елінің Президенті Реджеп Тайип Ердоған сыйға тартқан көрінеді.

Елбасы Кітапханасы Музейінде, сонымен бірге, - Қауіпсіздік кеңесі залы да бар. Мұнда Мемлекет басшысы ел қауіпсіздігіне қатысты түрлі маңызды шешімдер қабылдап, жоғары деңгейдегі жиналыстар өткізген.

Зал ішіндегі қару-жарақ түрлерінен көз сүрінеді.

Қауіпсіздік кеңесі залында Бас қолбасшы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портретін де көруге болады.

Десе де, музейдің соңғы төртінші қабатында орналасқан күмбезді залдың ел тарихында алар орны ерекше екен. Дәл осы жерде, Мемлекет басшысы астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы тарихи маңызды шешім қабылдап, оны көпшілікке жария етеді.

Жалпы, музейде 24 зал бар екен. Қазір олардың 22-сі жұмыс жасап тұр.

Айта кетейік, аталған ғимаратта Нұрсұлтан Назарбаев 7 жылға жуық қызмет еткен. Тек 2004 жылдың желтоқсан айында ғана Президент әкімшілігі аталған ғимараттан Ақордаға көшірілді.

Тағы оқыңыздар:

Күйеуі жас келіншегін әлеуметтік желідегі әр лүпіл үшін соққыға жыққан

Еліміздегі ойыншықтардың құрамынан улы әрі қауіпті химикаттар табылды

БҚО-да миллиондаған пара алған ірі шенеунік 13 жылға сотталып кетті (фото)

Павлодарда трамвай қаққан оқушы қыздарға қатысты жаңа дерек шықты

Әр әні хитке айналған Ерке Есмаханның туған күні қалай өтті? (фото)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel