RU

Шымкентте «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фотокөрме ашылды (фото)

Бүгін Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Президент күніне арналған іс-шараның барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, Тəуелсіздік жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылды.

Сондай-ақ көрмеде Ұлт көшбасшысының көпұлтты, көпконфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері жəне Мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілді.

Аталған іс-шараға облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыс əкімдігінің өкілдері, Шымкент қаласының əкімі Н.Сауранбаев, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Көрме мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.

Тағы оқыңыздар:

Күйеуі жас келіншегін әлеуметтік желідегі әр лүпіл үшін соққыға жыққан

Еліміздегі ойыншықтардың құрамынан улы әрі қауіпті химикаттар табылды

БҚО-да миллиондаған пара алған ірі шенеунік 13 жылға сотталып кетті (фото)

Павлодарда трамвай қаққан оқушы қыздарға қатысты жаңа дерек шықты

Әр әні хитке айналған Ерке Есмаханның туған күні қалай өтті? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1693548-shymkentte-tauelsizdik-tughyryn-beki.html