RU

Тұңғыш Президент күніне орай Мәскеулік ардагерлермен кездесу өтті (фото)

Тұңғыш Президент күніне орай Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Мәскеудегі қазақстандық ардагерлермен кездесу өтті. Олар жаңа ғимараттағы музейдің ашылуына қатысты деп хабарлайды NUR.KZ.

Шақырылған қонақтардың қатарында - Мәскеулік қазақстандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, бұрыңғы партия және мелекет қайраткерлері, сонымен қатар әр жылдары елде Елбасымен бірге қызмет еткен азаматтар.

Музейді көрген ардагерлер 25 жылдық Қазақстан мен Ресей достық қарым-қатынасының нәтижесінде түзелген тарихи деректермен етене танысуға мүмкіндік алды. Атап айтсақ, көпшіліктің назарына қағазға қатталған екі елдің құнды құжаттары ұсынылды. Сондай-ақ тәуелсіз мемлекетімізге тиесілі екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты айғақтайтын және маңыздылығын көрсететін құжаттар мен жеке топтамадан алынған кітаптар, сыйлықтар және де басқа заттар тарихи музейден орын тапты.

"Осындай музейдің Елшіліктің ғимаратында ашылуы ерекше әрі есте қаларлық, құптарлық шешім, -дейді РАЕН Академиясының Вице-Президенті Анатолий Спицын.

Ал Мәскеулік ардагерлер Кеңесінің төрағасы Валерий Темірбаев, Тұңғыш Президент күні Сергей Есениннің сөзін еске ала отырып, өлең жолдарымен алған әсерін жеткізуге тырысты: " Бетпе бет келгенде әр нәрсенің жүзін көрмейсің. Ауқымды іс тек алшақтан көрінер". Оның айтпағы, ширак ғасыр өткен соң ғана жасалған еңбектің құндылығын бағалай бастайсың.

"Шындығын айтайын, біз бұрынырақта айтқан көптеген сөздеріне кұмәнмен қарайтынбыз,-деді Валерий Темірбаев. -Алайда уақыт өте келе, жаңа Астананы, халықаралық істердегі жетістіктерді, әсіресе Қазақстан мен Ресей арасындағы жақсы қарым-қатынасты көрген соң жасалған еңбекті бағалайсың, пікірің басқаша қалыптасады".

Тағы оқыңыздар:

Күйеуі жас келіншегін әлеуметтік желідегі әр лүпіл үшін соққыға жыққан

Еліміздегі ойыншықтардың құрамынан улы әрі қауіпті химикаттар табылды

БҚО-да миллиондаған пара алған ірі шенеунік 13 жылға сотталып кетті (фото)

Павлодарда трамвай қаққан оқушы қыздарға қатысты жаңа дерек шықты

Әр әні хитке айналған Ерке Есмаханның туған күні қалай өтті? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1693586-tunhghysh-prezident-kunine-oray-maskeul.html