RU

Тұңғыш президент күніне жеңіл атлетикадан жарыс өтті (фото)

2017 жылдың 1 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне» арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті деп хабарлайды NUR.KZ. 

Жүгіріске облыс әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің басқармалары, құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелер, акционерлік қоғамдар, Тараз қаласында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелер мен облыс тұрғындарынан барлығы 900-ге жуық адам қатысты.

Жүгіріс бағыты: Орталық «Достық» алаңынан – ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін. Жүгірістің жалпы қашықтығы 2,4 шақырым.

Жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облысының женіл атлетика федерациясы және Тараз қаласы әкімдігі жүзеге асырды.

Ақтық мәреге төмендегі қатысушылар бірінші болып келді:

18 жасқа дейінгі қыздар арасында:

1-Толғанбай Арай

2-Тоқсанбаева Ясмина

3 – Кубаева Диана

18 жасқа дейінгі ұлдар арасында:

1- Жамалов Казим

2-Алиаскаров Саламат

3- Степаненко Денис

18 жастан жоғары қыздар арасында:

1-Сибирякова Яна

2-Маркосян Римма

3 – Рябичева Кристина

18 жастан жоғары ұлдар арасында:

1- Иванчуков Дмитрий

2-Калюжный Андрей

3- Жартыбаев Жасұлан

Бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, облысымыздың тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және жеңілатлетикалық жүгірісті насихаттау мақсатында қатысушылар арасында демеушілер тарапынан сыйлықтарды ойнату-акциясы ұйымдастырылды. «Казфосфат» ЖШС, «Астана - Cinema» ЖШС, «HAWK Technology» жаттығу залы , «Тәтті себет» ЖШС, «HerbaLife» компаниясы және «Немерешка» ЖК ұйымдары демеушілік көрсетті.

Тағы оқыңыздар:

Күйеуі жас келіншегін әлеуметтік желідегі әр лүпіл үшін соққыға жыққан

Еліміздегі ойыншықтардың құрамынан улы әрі қауіпті химикаттар табылды

БҚО-да миллиондаған пара алған ірі шенеунік 13 жылға сотталып кетті (фото)

Павлодарда трамвай қаққан оқушы қыздарға қатысты жаңа дерек шықты

Әр әні хитке айналған Ерке Есмаханның туған күні қалай өтті? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1693807-tunhghysh-prezident-kunine-zhenhil-atleti.html