RU

Назарбаев «100 жаңа есім» жеңімпазына бірден лауазымды қызмет ұсынды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жас ғалым Зарина Сауытбаеваның Астана қаласындағы онкологиялық орталық басшысы болуға лайық екенін атап өтті деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Президент жас ғалым «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының бірі Зарина Сауытбаеваның жетістіктерін жоғары бағалады.

«Қазір онкологиялық аурулар мәселесін әлем мамандары шешуге тырысып жатыр. Мен медицина саласын үнемі бақылап отырамын. Оған көп қаражат бөлініп, ғалымдар осы мәселемен айналысуда. Мамандар 2040 жылға дейін қатерлі ісікті емдеп жазатын дәрі ойлап табуға уәде етті.

Ал Қазақстанда бұл мәселені бәрінен бұрын шешу мүмкіндігі туып отыр. Қазір менің тапсырмаммен арнайы онкологиялық орталық құрылып жатыр. Меніңше, сен осы орталықтың басшысы болуға дайынсың», — дейді елбасы.

Назарбаев университетінің ұстазы әрі ғалымы Зарина Сауытбаева өз кезегінде онкология саласындағы жетістіктері туралы айтып берді.

«Оқу барысында біздің зерттеу тобы қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соқтыратын ақуыз түрін анықтады. Дипломды осы тақырып төңірегінде қорғадым. Кезекті демалыс кезінде Қостанайдағы онкологиялық диспансерде тәжірибе жинақтадым. Сол кезде қиналғаным рас. Себебі, ұйқысыз түндер өткізіп, кей тәжірибемнің нәтижесі сәтсіз болды. Бірақ қазір орындалмаған нәрсе ертең жүзеге асуы мүмкін екенін жақсы білдім», — дейді Зарина Сауытбаева.

Жас ғалымның айтуынша, ол Қазақстанға оралғаннан кейін онкологиялық аурулармен күресетін халықаралық ұйымның мүшесі болған. Сондай-ақ, Гарвардтың медицина мектебіне шәкіртақы ұтып алған.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Көпшілік байларды жақтырмайды, таланттарды қудалайды

Шымкенттегі орта мектептердің бірі әлі күнге дейін жылусыз отыр (фото)

Президент ұйықтар алдында кімнің музыкасын тыңдайтынын айтып берді

Аяқсыз туылған қазақстандық жеткіншек атақты Ник Вуйчичпен кездесті (фото)

КВН негізін қалаған әйгілі Масляков өзіне тағылған айыптан соң қызметінен кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1694030-nazarbaev-100-zhanha-esim-zhenhimpazyna-bi.html