RU

Ақтауда оңбай таяқ жеп, 12 күн бойы комада жатқан сарбаз есін жиды

Telegram logo VKontakte logo

Ақтауда 12 күн бойы ес-түссіз жатқан сарбаз көзін ашты. Бірақ болған жайт туралы ол әзір айтып бере алмайды. Өйткені, соққының ауыр болғаны сонша, ауыз ашпақ түгілі, қол-аяғын да қимылдата алмай қалған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жүрегі қан жылаған анасымен тек қабағы арқылы түсінісіп жатыр.

"Ақырын ақырын комадан шығып жатыр. Белгілер береді. Бәрін түсінеді. Осының бәрін жасаған адам жазасын алса екен", - дейді сарбаздың анасы Жанна Айтақынова.

Ал мұны жасаған Дәулеттің өз қаруласы. Жігіттердің өз арасында болған кішігірім жекпе-жекте жеңіліп қалған сарбаз өшін кешке жатын бөлмеде алыпты. Ұйқыға жатуға бет алған Дәулеттің ту сыртынан келіп, басынан орындықпен ұрған. Оны көрген екі куәгер де бар екен.

Қазір олардан да жауап алынып жатыр. Ал күдікті сарбаз өзі секілді 18 жаста. Әскерге Шымкенттен шақыртылған жігіт қазір тергеу абақтысына жабылған. Дәулет Әшіровтың өзі есін жиғанымен, болған жайтты енді есіне түсіре алмауы мүмкін дейді дәрігерлер.

"Науқас жалпы палатаға ауыстырылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Ем алып жатыр", - дейді нейрохирург Рахат Беков.

Жігіт өздігімен тыныстай алмайды. Кеңірдегін тесіп, өкпесіне ауа жіберген. Тамақты да өңешіндегі түтік арқылы ішіп жатыр. Одан қалды, бас сүйегі оңбай зақымданып , орнына енді пластмасса қойылмақ. Бірақ ол ота кейін Астанада жасалады.

Отбасында Дәулет бес баланың ішіндегі ең кенжесі екен. Қазіргі таңда бала-шағасын, үй-жайын тастап анасы ұлының жанына келген. Ал теңіз жаяу әскерін дайындайтын 25744 әскери бөлімінде жаппай тексеріс басталыпты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаған басшылар қызметтен қуылуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттің жаңа әкімі полицейлердің жұмысын түн ішінде тексеретін болып шықты

Елорда мектебіндегі әжетханаларды көріп шошыған экс-депутат шу шығарды (фото)

Назарбаев «100 жаңа есім» жеңімпазына бірден лауазымды қызмет ұсынды

Қысқы дөңгелек қандай болуы тиіс және айыппұл төлемеу үшін не істеу керек?

Аяқсыз туылған қазақстандық жеткіншек атақты Ник Вуйчичпен кездесті (фото)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ақтауда оңбай таяқ жеп, 12 күн бойы комада жатқан сарбаз есін жиды