RU

Иранда әйелдер алаңына өту үшін ер адам хиджаб киюге мәжбүр болған (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Кабадди бойынша Азия ойындары барысында тайланд әйелдер командасының жаттықтырушы-ер азаматы хиджаб киюге мәжбүр болған. Иранда ер адамдарға әйелдерге арналған алаңға өтуге тыйым салынған деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кабадди Иран Федерациясы аталған оқиғаға байланысты кешірім сұрап, тайлық бапкердің іс әрекетін сынға алды. Мәлімдемеде қатысушылар хиджаб тәртібі мен ер адамдарға тыйым салынатын ережені білу керек еді дейді.

Ал тайлық бапкер болса, алаңға өту үшін, хиджаб киюді ұсынғанын айтады.

Алайда Кабадди Иран Федерациясының басшысы Мохаммад Реза Максудлоу ISNA агенттігіне «Фотограф тайланддыққа алаңға кіріп, сүретке түсу үшін орамал берген» деген болжам айтқан.

Кабадди бойынша Азия чемпионаты Иранның солтүстігіндегі Горган қаласында 22-27 қарашада өтті. Жарыста Үндістан Пәкістанды жеңіп, жеңімпаз атанды.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттің жаңа әкімі полицейлердің жұмысын түн ішінде тексеретін болып шықты

Елорда мектебіндегі әжетханаларды көріп шошыған экс-депутат шу шығарды (фото)

Назарбаев «100 жаңа есім» жеңімпазына бірден лауазымды қызмет ұсынды

Қысқы дөңгелек қандай болуы тиіс және айыппұл төлемеу үшін не істеу керек?

Аяқсыз туылған қазақстандық жеткіншек атақты Ник Вуйчичпен кездесті (фото)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Иранда әйелдер алаңына өту үшін ер адам хиджаб киюге мәжбүр болған (фото)