RU

Жас блогердің хаты Назарбаевты тәнті етті

Telegram logo VKontakte logo

Астанада "100 жаңа есім" жеңімпаздарымен кездескен президент Нұрсұлтан Назарбаев жас блогердің хатына тәнті болғанын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Мен бір жас блогердің хатын оқыдым. Ол осы жылдар ішінде мен төрт нәрсені айтқым келеді деген. Біріншісі – тәуелсіздіктің жариялануы мен шекараның белгіленуі. Екіншісі – нарықтық реформалар мен жекешелендіруге тезірек өткізу. Осының арқасында мыңдаған кәсіпкер жұмысын бастады.

Үшіншіден, көпұлтты қоғамда келісім мен тұрақтылық орнады. Төртіншіден, әлемде Қазақстанның жауы жоқ, бәрімен доспыз. Мен жетістіктерді оннан бастап жиырмаға дейін айта берер едім. Бірақ жас блогердің төрт артықшылықты қалай ғана тап басып айтып бергеніне таңғалдым", — дейді президент.

Айта кетсек, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы елдің дамуына елеулі үлес қосқан талантты жандарды танытуды мақсат етеді. Қазақстанның кез келген азаматы өтініш жіберу арқылы өзінің табысқа жету тарихымен бөлісуге мүмкіндік алды.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттің жаңа әкімі полицейлердің жұмысын түн ішінде тексеретін болып шықты

Елорда мектебіндегі әжетханаларды көріп шошыған экс-депутат шу шығарды (фото)

Назарбаев «100 жаңа есім» жеңімпазына бірден лауазымды қызмет ұсынды

Қысқы дөңгелек қандай болуы тиіс және айыппұл төлемеу үшін не істеу керек?

Аяқсыз туылған қазақстандық жеткіншек атақты Ник Вуйчичпен кездесті (фото)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жас блогердің хаты Назарбаевты тәнті етті