RU

Жат ағымға кіріп кеткен белгілі әншіні әкесі қала сыртындағы саяжайда байлап ұстап отыр

Қазақстанға танымал әншіні туған әкесі қала сыртындағы саяжайда қамап ұстап отырғаны жайлы танымал блогер Айгүл Орынбек facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Елімізге танымал бір əншіні əкесі дачасында байлап ұстап отыр екен. Əнші сəлəфит болып кетіпті. Əкесі арнайы адам жалдап, қарауылдатып, тамақ суын өзіне керек дүниесін əйнектен беріп отырады екен. Өнердегі достары сол жолға түсіп кеткен соң, баласын сақтап қалу үшін амал жоқ осындай амалға барып отыр.

Сəлəфиттер елімізге танымал адамдардың қасында біраздан бері бұлғаңдап жүргендері өтірік емес! Өнердегі жігіттеріміз қыздарды тоқалға алып, қолғапша ауыстырып жатқанын да көріп жүрміз. Текті қазақтың ұрпағы едік, тексіз арабтардың идеологиясын тықпалағандардың құлдары көбейіп келеді. Баласының болашағын ойлаған мына əкенің ісі дұрыс па, бұрыс па білмеймін!

Бірақ "əке шешең жынды болса байлап бақ"- деген мақалды қəзіргі заман ағымына қарай "Теріс ағымға, сəлəфиттер, вахабиттерге ерген балаларыңды байлап бағыңдар!"- дегенім дұрысырақ па , қалай ойлайсыздар?», - деп сөзін түйіндеген белгілі заңгер.

Қалың оқырман болса жат ағымның жетегінде кетіп, тағдыры тәлкегіне түскен өнер адамының тағдырына алаңдап, оның кім екенін білуге үлкен қызығушылық танытуда.

Сәләфизммен миын улаған ұлдарын осылай ұстаған ата-анасының бұл қадамын көпшілігі «қатыгездік» деп сөксе,  енді бірі – дұрыс шешім деп санауда.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан өркендеуші елдер рейтингінде 10 саты жоғарылады

Сарапшы: Назарбаев кез келген тығырықтан жол табатынын көрсетті

Димаш Құдайберген Қытайда "Жылдың ең үздік әншісі" атанды (видео)

Орнынан тұра алмай жатқан сәбиді тепкен ер адам жұртты шошытты (видео)

Бес салмақ бойынша бұрынғы әлем чемпионы шаршы алаңға қайта оралатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1694378-zhat-aghymgha-kirip-ketken-belgili-anshin.html