RU

"МузАРТ" тобының әншісі туған күнін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

"МузАРТ" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов өзінің 35 жасқа толған туған күнін дүркіретіп өткізді. Ол жарымен шаңырақ көтергеніне 10 жыл толу мерейтойын да бірге жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Кенжебек Жанәбіловтің отбасында той. Отағасы отыз беске келіп, шаңырақ құрғанына 10 жыл толды.

Дәл осы мерейтойды атап өткісі келген отбасы ел шақырып, дүркіретіп той жасады.

Тойға олардың өнердегі достары, жақын туыстары қонақ болған.

Олар, әдеттегідей, ән айтып, қонақтардың көңіл-күйін көтерді.

Ата-анасының қуанышында жұптың егіз қызы елді өнерімен тәнті етті. Олар анасы мен әкесіне ән арнап, даусымен елді таңғалдырды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1694477-muzart-tobynynh-anshisi-tughan-kunin-dur.html