RU

Әйгілі түрік актері мен Ерке Есмаханды не байланыстырады? (фото)

Қазақстандық қыздардың жүрегін жаулаған танымал түрік актері Ерке Есмаханмен бірге "Жыл Таңдауы" ұлттық музыкалық жүлдесін жүргізеді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Құлпынай иісі» телехикаясы арқылы мыңдаған қазақстандық арудың жүрегін жаулаған Юсуф Чим 7-ші желтоқсан Алматыға келеді.

Бұл туралы «Жыл Таңдауы» ұлттық музыкалық жүлдесінің ұйымдастырушысы, продюсер Жан Мұқанов  БАҚ өкілдері мен жұлдыздарға арналған таңғы ас кезінде мәлімдеді.

«2017 жылғы марапатқа еліміздің 200-ге жуық әншісі іріктеліп алынды. Кеште олардың 70-ке жуығы өнер көрсетке, солардың ішінен үздік топ жарған 18 әнші арнайы марапатқа ие болады. Жалпы қарап отырсам, біздің елімізде әншілердің жыл сайын еңбектерін елеп, оларға арнайы жүлде табыстайтын шаралар жоқтың қасы екен. Сол себепті мұндай байқаулардың болғаны әнші үшін де, көрермен үшін де аса маңызды. Биыл қорытынды кеште ресейлік «Винтаж» тобы мен түріктің танымал актері Юсуф Чим болады. Баршаңызды 7 -ші желтоқсан күні «Халық Арена» кешенінде күтеміз!»,- деді жоба авторы.

Баспасөз –конференциясын еркін форматта өткізуді дәстүрге айналдырған Жан Мұқанов таңғы асқа елімізге белгілі жұлдыздарды шақырған. Олардың қатарында танымал продюсер Бағым Мұхитденова, Ерик Тастамбеков, Алтынбек Рахметов болса, әншілерден Ерке Есмахан, Бағлан Әбдірайымов, Мырзахан Маханов, Нұрболат Абдуллин келді.

БАҚ өкілдері мен әншілер, продюсерлер жиналған кездесуде мұндай жүлделердің отандық шоу бизнестегі маңызы талқыланып, кем-кетік тұстары да айтылды.

Айта кететіні, аталған жобаға Төреғали Төреәлі қатысудан бас тартқан. Бұған дейін Жан Мұқанов Ұлы дала баласымен бірге жұмыс атқарған болатын. Бірақ әншінің үйлену тойынан продюсердің өкпелеп қайтқаны туралы БАҚ беттерінде жазылған.

Тағы оқыңыздар:

Димаш Құдайбергеннің әкесі Назарбаевтан марапат алды (фото)

ШҚО-да мүгедек қызын өрттен құтқармақ болған қария қатты күйіп қалды (фото)

Ғалымдар артық салмақтың адам өміріне үлкен қауіп төндіретінін айтып, дабыл қақты

Төрт айлық нәрестесін қысқа толқынды пешке тығып күйдірген ата-ана елді шошытты (фото)

Қазақстандық студент қыз Гарри ханзада мен жұбайына отандық шоколад сыйлады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1694527-aygili-turik-akteri-men-erke-esmakhand.html