RU

Төрт айлық нәрестесін қысқа толқынды пешке тығып күйдірген ата-ана жұртты шошытты (фото)

АҚШ-та төрт айлық нәрестесін қысқа толқынды пешке тығып, азаптап күйдірген ерлі-зайыпты сот алдына келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2016 жылдың аяғында дүниеге келген баласын Дерик пен Микала төрт айлығына дейін азаптап келген. Нәресте ерлі-зайыптылардың екінші баласын екен. Ал тұңғышынан Дерик пен Микала перзентханада бас тартқан.

Олардың не себепті екінші баласынан да бас тартпағаны белгісіз. Алайда сәби төрт айлығында адам шошырлық күйіктермен емханаға түседі. Дәрігерлер бірден полицияға хабар беріп, полиция тергеу барысында жантүршігерлік жайттардың бетін ашқан.

Белгілі болғандай, Дерик пен Микала баласын қызық үшін қысқа толқынды пешке тығып, оны күйдіріп азаптаған. Мұнымен қоймай, Дерик нәрестесін допқа айналдырып, еденге құлатумен болыпты. Салдарынан сәбидің бас миы жарақаттанып, денесі көгерген.

Бүгінде нәресте балалар үйіне беріліп, қатыгез ата-анасы түрмеге қамалды.

Тағы оқыңыздар:

Нағыз қыс: Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

Студенттер тегін тамақтанатын асхана ашқан ақтөбелік кәсіпкер елді тәнті етті

Имам террористік ұйымның идеясын жақтаушыларды өлім жазасына кесуді сұрады

Үй қызметшісін 10 жыл бойы жертөледе зорлап ұстаған азамат әлемді дүрліктірді (фото)

Айқынды тыңдау үшін түнгі клубқа барған Майк Тайсонды көпшілік жібермей қойды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1694539-tort-aylyq-narestesin-qysqa-tolqyndy.html