RU

Президенті күні қарсаңында Қызылордада жаңа сауықтыру орталығы ашылды

Бүгін, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда, аймақ басшысының тікелей бастамасымен бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында және 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік сый ретінде жеке кәсіпкер «Жапбарбергенов» Жібек жолы даңғылының бойынан «Керемет» сауықтыру орталығын пайдалануға берді.

Сауықтыру орталығының ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы: «Осындай ұлық мереке қарсаңында аймағымыздың тағы бір жаңа кәсіпкерлік нысанымен толығуы көңіл қуантарлық жағдай. Бұл дегеніміз жаңадан жұмыс орындары ашылып, тұрғындар сапалы қызметті тұтыну мүмкіндігіне ие болатындығының нақты көрінісі. Сол арқылы, аймағымыздың экономикасын өркендетумен бірге әлеуметтік салаларын дамытуға да айрықша үлес қосып отыр», - дей келе, қала тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, жанға жайлы демалыс орындарының санын арттырып отырғаны үшін жоба жетекшісіне алғысын білдіріп, жаңа бастамаларына табыс тіледі.

Жеке кәсіпкер «Жапбарбергенов» жүзеге асырған бұл жобаның жалпы құны – 360 млн. теңге болса, оның 140 млн. теңгесі Даму қоры арқылы жеңілдетілген несие берілген.

Бұл мемлекеттің кәсікерлікті қолдау мақсатында қолға алған игілікті бастамаларының нақты дәлелі.

Сауықтыру кешінің жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайды және 50 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған.

3 қабатты ғимаратта бассейн, фитнесс залы, дәмхана, шаштараз, spa және басқа да қосымша қызмет көрсету нысандары бар.

Заманауи талаптарға сай келетін, сәулеті келіскен ғимарат бір сағатта 120 адамға қызмет көрсете алады.

Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан, әлемдік стандартқа сай келетін бұл кешен 22 адамды тұрақты жұмыспен қамтығалы тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1694665-prezidenti-kuni-qarsanhynda-qyzylord.html