RU

ШҚО-дағы ауыл әкімдігінің келбеті көпшіліктің күлкісін келтірді (фото)

Осыдан бірер күн бұрын NUR.KZ порталына Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Белтерек ауылының тұрғындары хабарласты.  Тұрғындардың айтуынша, ауылдағы бірден бір мемлекеттік мекеме саналатын әкімшілік ғимараты бір айдан астам уақыт бойы тусыз тұрған көрінеді.

Елдімекен атқамінерлері, тіпті, тұңғыш президент күні мерекесі қарсаңына орай, әлгіндей «олқылықтың» орнын толтыруға асықпаған екен. Ауыл тұрғындары округ әкімінің бұл «әрекетін» «заңға қайшы әрекет» деп танып, әкімге қатаң сөгіс жариялауды талап етіп отыр.

- Облыс орталығынан шалғай жатқан ауылда бар-жоғы бір әкімшілік пен мектеп қана бар. Алайда, «әкімдік ғимараты, осымен бір айдан аса уақыт бойы мемлекеттік рәміздердің бірі – тусыз тұр», -  деп күйінді ауыл тұрғындары.

«Ауылымыз шағын, мектеп пен әкімшіліктен басқа мемлекеттік мекеме жоқ деп айтуға болады. Ал әкімдіктің түрі анау – бір айдан астам уақыт бойы мемлекеттік тусыз тұр, масқара емес пе? Мемлекеттік ту, тіпті, президент күні қарсаңында да ілінбеді»,-деп күйінді тұрғын.

Тұрғындар әкімдік ғимаратының сыртқы келбетіне де қатысты сын айтып тастады. Айтуларынша, ғимаратқа жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмей, мекеме сыртының тоз-тозы шыққан.

«Белтеректе бар-жоғы екі-ақ мемлекеттік мекеме бар, бірі – мектеп, екіншісі – әкімдік. Жарайды, шағын ауыл болғандықтан, ғимарат та кішкентай шығар. Бірақ соның өзін мұнтаздай қылып тазалап, сыртын әктеп қойса болады ғой? Әкімдік деген – ауылдың айнасы емес пе? Дәл осы әкімдікке қарап, ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігін білуге болады. Облыс басшыларынан айтарымыз – ауыл әкімінің осындай «заңды белшесінен басқан бассыздығына» бей-жай қарамаса екен деген тілегіміз бар»,-деп өз пікірлерін білдірді ауыл тұрғындары.

Ал аталған мәселеге қатысты, ШҚО Ішкі Саясат бөлімінің мамандарына хабарласқанымызда, олар «мәселені бақылауға алғандықтарын, жақын арада редакция тілшісіне хабарласып, орын алған жағдайға қатысты түсініктеме беретіндіктерін» жеткізді.

Тағы оқыңыздар:

Алматы маңындағы жантүршігерлік автобус апатынан тағы бір адам көз жұмды (фото)

Әйгілі түрік актері мен Ерке Есмаханды не байланыстырады?

Бензин тапшылығы үшін жұмыстан шыққан Әсет Мағауов жаңа қызметке тағайындалды

Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені "Жансүгіров" деп атауға қарсы шықты

Мәдинаны ел алдында жұлқылаған Мақпал Жүнісова желіде қызу талқыға түсті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1695045-shqo-daghy-auyl-akimdigininh-kelbeti-kop.html