RU

Кішкентай ұлын аяусыз теуіп, желіні шулатқан ер адам шенеунік болып шықты

Жерде жатқан кішкентай ұлын аяусыз теуіп жіберген 50 жастағы Бішкек тұрғыны видеодағы жағдай монтаждалған деп ақталды. Ұлын жарақаттаған ер адам оны ұрғанын мойындамай отыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы «24.kg» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2 желтоқсан күні шамамен түскі 15:15-те болған. Бариер Адиев ұлы Эльханмен серуендеуге шығып, оны аяусыз теуіп жібереді. Ер адамның сөзіне сенсек, ол орнынан тұрғысы келмей, жерде жатып алған ұлын жай ғана аяғымен көтерген. Ал интернеттегі видеода бұл жағдайды монтаждап, теуіп жібергендей етіп көрсетті деп ақталуда.

Видеоны интернеттен көрген әйелі жанжал шығарып, ұлымен бірге үйінен кетіп қалыпты. Ал кішкентай Эльханның тепкіден кейін жарақат алғаны белгілі болды. Ұл баланың құрсақ қуысы жараланған.

Балақай емханаға жеткізіліп, сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Белгілі болғандай, ұлдың ата-анасы азаматтық некеде тұрып келген. Ал бүдіршінді тепкен қатыгез әке белді шенеунік болып шықты. Бариер Адиев Сокулук мемлекеттік тіркеуінде басшының орынбасары қызметін атқарады екен.

Енді оның басшысы Дастан Догоев бұл жайттан кейін Бариердің жұмыстан шығарылуын талап етуде. Ал сол арада ұлдың анасы Бариердің үстінен шағым түсіруден бас тартып, сотта оны жазаламауын өтінген.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз!

Тағы оқыңыздар:

Алматы маңындағы жантүршігерлік автобус апатынан тағы бір адам көз жұмды (фото)

Әйгілі түрік актері мен Ерке Есмаханды не байланыстырады?

Бензин тапшылығы үшін жұмыстан шыққан Әсет Мағауов жаңа қызметке тағайындалды

Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені "Жансүгіров" деп атауға қарсы шықты

Мәдинаны ел алдында жұлқылаған Мақпал Жүнісова желіде қызу талқыға түсті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1695138-kishkentay-ulyn-ayausyz-teuip-zhelini-shu.html