RU

Елімізге белгілі актер өзін әйелдерше киінеді деп сынағандарға жауап берді

Елімізге "Шімән" әжей образымен танылған актер Ерболат Төлегенов жуырда халыққа әзіл -әнге түсірілген бейнебаян ұсынбақшы. Ерболат өзін қазақстандық -Верка Сердючка дейтін тыңдармандарының сынына дайын екенін айтып, бұл образ өзіне дейін болғанан жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Верка Сердючка ол-Украинаның әртісі, мен қарапайым қазақтың әжесімін. Сондықтан онымен мені салыстыруға келмейтін сияқтымыз. Бізде әзіл-ән айтатын әншілер жоқ қой. Көрермен үшін ерекше әрі қызық болсын деп Сейфуллин Жолбарыс ағамыздың әнін алып, бейнебаян түсірейік деп шештік. Режиссері Мерей Маханов. Қазір түсірілім жалғасып жатыр.

Халықтың сынына қаламын, қалмаймын деп көп ойланбайды екенмін. Көбі маған айтып-айтып болған. Шалбар киіп жүріп, әйелдің ісін істеп жүрген көгілдір жігіттерде жетерлік қой. Мен әйелдің образын сомдасам, әйел болып кетпеймін. Мұны халық жәй ғана кәсіби келбетім деп қабылдауы тиіс. Әрі кетсе мен бұл киімде 15 минуттай ғана жүремін. Бұл сынды жалғыз маған келгенде ғана айтады екен. Әйелдің рөлін Күлпаш та ойнады, Құдайберген Сұлтанбаев, «Бауыржан шоудағы» ағаларымызда ойнады. Сол себепті қазақ сахнасына әйелдің киімін киіп шыққан жалғыз мен емеспін!", -деді Ерболат.

«Сен келін болсаң инабатты» атты әннің бейнебаянында елімізге белгілі әншілер Жанар Айжанова, Мөлдір Әуелбекова,  Сейфуллин Жолбарыс басты рөлдерді сомайды.

Тағы оқыңыздар:

Димаш Құдайбергеннің әкесі Назарбаевтан марапат алды (фото)

ШҚО-да мүгедек қызын өрттен құтқармақ болған қария қатты күйіп қалды (фото)

Ғалымдар артық салмақтың адам өміріне үлкен қауіп төндіретінін айтып, дабыл қақты

Төрт айлық нәрестесін қысқа толқынды пешке тығып күйдірген ата-ана елді шошытты (фото)

Қазақстандық студент қыз Гарри ханзада мен жұбайына отандық шоколад сыйлады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1695147-elimizge-belgili-akter-ozin-ayeldersh.html