RU

Жұлдыз-жорамал бойынша жақсы әйел болатын кімдер?

Жұлдыз-жорамал бойынша кімдер жақсы әйел болатыны анықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы marsvenuss.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1. Торпақ

Сұлу, жұмсақ мінезді, нәзік торпақтар көркінен бөлек ерекше ақылымен көзге түседі. Әдетте темекі атаулыдан аулақ болып, қашан да жұпар иісті болып жүреді.

Отбасында жан жарын өзінен жоғары қойып, өзін де күйеуіне лайық деңгейде ұстауға тырысады. Торпақтар күйеуіне адал келеді. Балаларына үлгілі ана бола алады. Үй шаруасын шебер дөңгелетіп, ақша жұмсауда да үнемді болады.

Торпақтар үшін балалар ерекше орын алады. Олар балалары үшін тау қопаруға әзір.

2. Шаян

Энергияға толы шаяндар ержүрек мінезімен, кез келген қиындықтарды еңсере алуымен ерекшеленеді. Шаянның үйінде қашан да тазалық үстемдік етеді. Аяулы ана атанудан да қалыс қалмайтын шаяндар адам психологиясын шебер түсіне біледі. Нәтижесінде бала тәрбиесінде ерекше жетістіктерге жетіп жатады.

Олар жары үшін таптырмас көмекшіге айналады. Күйеуінің мансабына барынша күш салып, оның биіктерден көрінуіне септік болады.

3. Су құйғыш

Қашан да сәнді жүретін су құйғыштар кез келген ортаның мәйегі бола алады. Су құйғыштардың түйсігі қатты дамығаны соншалық, олар болашақта не болатынын жақсы болжай алады деген пікір қалыптасқан.

Олар бәрін мінсіз орындауға тырысып, ерешке шыдамдылығы мен сабырлығын көрсете біледі. Су құйғыштар үшін күйеуінің материалдық жағдайынан гөрі оның адалдығы маңызды. Өздері де сүйіктісіне соңғы демі шыққанша адал болуға тырысады.

Су құйғыштың түйсігіне сенім артқан күйеуі өмірде талай жетістіктерге жетері анық. Су құйғыштар балалары үшін жақсы ана бола алады.

Тағы оқыңыздар:

ШҚО-дағы ауыл әкімдігінің келбеті көпшіліктің күлкісін келтірді (фото)

Шымкентте букмекерлерді бопсалаған газеттің бас редакторы сотталып кетті

Кішкентай ұлын аяусыз теуіп, желіні шулатқан ер адам шенеунік болып шықты

Қарағандылықтар әйгілі "МузАрт" жігіттерін "ішіп алып, сахнаға шықпады" деп айыптаған

Елімізге белгілі актер өзін әйелдерше киінеді деп сынағандарға жауап берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1695222-zhuldyz-zhoramal-boyynsha-zhaqsy-ayel-bol.html