RU

KFC мейрамханасы тауықты "бісміллә" деп қолмен соятын болып шықты

KFC мейрамханаларына жеткізілетін «белая птица» еті халал ма? Көпшіліктің көкейіндегі сауалға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жауап береді деп хабарлайды ummet.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Соңғы кездері Қазақстандағы КФС өнімдерінің xалал екендігіне сенімсіз қауесет сөздер айтылып жатуына байланысты, айтарымыз қазіргі таңда осы компанияны ҚМДБ арнайы xалал стандарттау арқылы толық қадағалауға алып отыр», – деп хабарлайды ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі.

ҚМДБ-ның мәліметінше, олар Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент қалаларын қосқанда жалпы 34 жерде бар. Осы нүктелердің барлығына «Белая птица» тауық еті Ресейдің Курск қаласынан жеткізіледі.

Аталмыш заводты Ресей муфтиятының xалал комитеті жіті қадағалап отыр. Жұмыртқадан балапандау, жемдеу, өсіру, союу процестері шариғат талаптарына сай қадағаланады.

Төмендегі видео тауықты қолмен Бисмилләмен союу кезіндегі көрінісі.

Ескерту: Жүйкесі жұқа адамдарға видеоны қарауға кеңес бермейміз!

Тағы оқыңыздар:

Бес минутта өтіп кеттім: Қазақ-қырғыз шекарасында шектеу алынып, жұрт қуанып жатыр

Атышулы "Төрт ағайындының" жетекшісі балаларының санын білмей, шатысып қалды (фото)

Түркияда Назарбаевтың атына төрт бірдей көшенің аты берілген (фото)

Әйгілі Ванга жаңа 2018 жылға қандай болжамдар жасап кетті?

Отандық олигарх елдегі теннисшілерді дамыту үшін 60 миллион долларын жұмсаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1696090-kfc-meyramkhanasy-tauyqty-bismilla-dep-q.html