RU

Жастайынан лауазымды қызметке жайғасқан отандық шенеуніктер кімдер?

Бұл азаматтар орда бұзар 30 жасқа жетпей жатып мемлекеттік органдар мен ұлттық компания басшыларының орынбасары қызметіне жайғасқан. Олардың арасында лауазымды орынға 25-26 жасында отырғандар да бар. Hommes.kz сайтына сілтеме жасай отырып NUR.KZ порталы назарларыңызға жастық шағын жауапты қызметке арнағандар тізімін ұсынады.

1. Ербол Орынбаев, 25 жасында (1996 ж.) ОҚО әкімінің орынбасары болған.

2017 жылдан бері «Zim Capital» басқармасының төрағасы.

2. Ғабидолла Әбдірахымов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төраға орынбасары қызметіне 26 жасында (2001 ж.) сайланған.

2017 жылдың қараша айынан бастап - «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

3. Қуандық Бишімбаев, 27 жасында (2007 ж.) Индустрия және сауда вице-министрі атанды.

2016 жылы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

4. Қуаныш Төлеушин, 27 жасында (2011 ж.) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болған.

2016-2017 жж. - «Даму» Қорының Басқарма төрағасы.

5. Қайрат Сатыбалды, 28 жасында (1998 ж.) Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметіне келген.

«Қазақойл» ҰОК вице-президенті, 30 жаста (2000 ж.). 2016 жылдың қаңтар айынан бастап  Alatau Capital Invest басқарушы серіктесі.

6. Ерболат Досаев, 28 жасында (1998 ж) Қазақстанның энергетика, өнеркәсіп және сауда вице-министрі болған.

2017 жылдың тамызынан бері Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

7. Шыңғыс Мұқан, 28 жасынан бастап Атырау облысы әкімінің орынбасары (2012-2016 жж.) қызметін атқарған.

8. Өмірзақ Шөкеев, 29 жасында (1993 ж.) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры »АҚ басқарма төрағасы.

9. Марат Бекетаев, 29 жасында (2007 ж.). Әділет вице-министрі қызметіне келген.

2016 жылдың қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасының әділет министрі.

10. Асылбек Дүйсебаев, 29 жасында (2009 ж.) Қарағанды облысы әкімінің орынбасары боп жұмыс істеген.

2014 жылдың маусым айынан бастап - Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары.

11. Нұрәлі Әлиев, 29 жасында (2014 ж.) Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.

2016 жылдың наурыз айынан бастап - «Капитал Холдинг» МК төрағасы.

12. Ерлан Әукенов, 29 жасында (2014 ж.) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2015-2017 жылдары - Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

13. Асқар Мамин,  30 жасында (1996 ж.) Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

2016 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

14. Асқар Жұмағалиев, 30 жасында (2003 ж.) Ақпарат және байланыс агенттігіне төраға орынбасары боп келген.

2017 жылдың тамызынан - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

15. Серік Әбденов, 30 жасында (2007 ж.) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған.

2016 жылдың тамыз айынан бастап - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ вице-президенті.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда мысық өзін піштіріп тастаған қожайынынан өш алды 

Түркияда Назарбаевтың атына төрт бірдей көшенің аты берілген 

56 жасында егіздерді дүниеге әкелген әйел алғаш рет ана атанды (фото)

Мүгедек досын арқалап алып, әлемді аралаған жігіттер көпшілікті тәнті етті

Отандық олигарх елдегі теннисшілерді дамыту үшін 60 млн долларын жұмсаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1696256-zhastayynan-lauazymdy-qyzmetke-zhaygha.html