RU

Алматы тұрғындарына көлікті құжатсыз жүргізуге рұқсат берілмекші

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин алматылық жүргізушілерге жеке куәліктен бөлек құжаттарды өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба туралы айтты деп хабаралйды NUR.KZ.

Мұсин аталмыш жобаны іске асыру туралы Facebook-тегі парақшасында жазды. Электрондық айыппұлдар жобасының жұмысы Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке көрсетілген.

"Алматы әкімі әрбір жол полицейіне планшет сатып алуға қаржы бөлу туралы шешім қабылдады.

Алматы планшетпен жабдықталатын Қазақстандағы алғашқы қала болатын секілді. Осы қалада жеке куәліктен басқа құжаттарды бірге алып жүруді міндеттейтін ережені алып тастап көреміз", — деп жазды Мусин.

Оның айтуынша, Жұмағалиев Алматы аумағында техпаспорт, сақтандыру, техникалық байқау құжатын міндетті түрде алып жүруді тоқтату жөнінде тиісті тапсырма беріп үлгерген.

"Алайда жүргізуші куәлігі бойынша белгілі бір халықаралық талаптарға қайшы келіп жатырмыз, дегенмен оны да алып тастау жағын қарастырамыз", — деп түйіндеді комитет басшысы.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Қарағандыда көлік ішінен 63 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды

Түркияда Назарбаевтың атына төрт бірдей көшенің аты берілген (фото)

Қырғызстан шекара үшін Қазақстанның үстінен жазған шағымын қайтарып алмақшы

KFC мейрамханасында қасапшылар тауықты "бісміллә" деп қолмен соятын болып шықты

Сәкен Майғазиевпен суретке түсе алмаған тыңдарман әншіге аузына келгенді айтып кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1696667-almaty-turghyndaryna-kolikti-quzhatsy.html