RU

Өлім жақындап қалғанда адамға қандай белгі берілетіні анықталды

Ұлыбританиядағы Эксетер университетінің ғалымдары қарт адамдардың қайтыс болғанға дейін бірнеше жыл бұрын қан қысымы төмен түсетінін анықтады. Бұл туралы JAMA Internal Medicine журналында жарияланды деп хабарлайды Вaq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мамандар 60 және одан асқан жасында қайтыс болған 46 мың британиялықтың электронды медициналық жазбасын талдады. Аталмыш талдауға денсаулығы жақсы адамдар да, жүрек-қан тамыры және жүйке ауруларына ұшыраған егде жастағы тұлғалар да қатысты.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, жүрегі ауыратын, қан қысымы жоғары болған, деменциямен сырқаттанатын адамдардың орташа есеппен 14 жыл бұрын қан қысымы күрт төмендеп кеткен. Сондай-ақ, дені сау болған адамдардың да қан қысымы қайтыс болардың алдында төмендей бастайды.

Ғалымдар гипотонияның (қан қысымы төмендеу) алдын алу үшін зерттеуді жалғастыруды көздеген. Олардың айтуынша, бұл егде жастағы адамдардың ерте өлімінің алдын алуға септігін тигізеді.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Қарағандыда көлік ішінен 63 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды

Түркияда Назарбаевтың атына төрт бірдей көшенің аты берілген (фото)

Қырғызстан шекара үшін Қазақстанның үстінен жазған шағымын қайтарып алмақшы

KFC мейрамханасында қасапшылар тауықты "бісміллә" деп қолмен соятын болып шықты

Сәкен Майғазиевпен суретке түсе алмаған тыңдарман әншіге аузына келгенді айтып кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1696787-olim-zhaqyndaghanda-qalghanda-adamgha-qa.html