RU

Исекешов келер жылдан бастап қоластындағыларын таксиге отырғызуға уәде берді

Астана әкімі Әсет Исекешов келер жылдан бастап қарамағындағыларын түгелдей таксиге отырғызбақшы. Яғни, әкімдік қымбат қызметтік машиналардан бас тартып, бюджет ақшасын үнемдемек деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қала әкімі Әсет Исекешовтің идеясы іске асса әкімдіктің алдындағы шетелдік көліктер болмайды. Бірақ, бастама авторының өзі Исекешовтің немістің қымбат машинасына бас тартып, таксиге отыра ма жоқ па бұл жағы әзірге белгісіз.

"Жаңа жылдан бастап, қызметтік көліктен бас тартып, әкімдік қызметкерлері таксимен жүретін болады. Қазір қалада бірнеше таксопарк бар. Бірақ, олардың сұранысты қамтамасыз етуге көліктері жеткіліксіз", - дейді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов.

Исекешовтің айтуынша, таксиге отыру әлдеқайда тиімді екен. Өйткені, әкімдік жылда қымбат көлік сатып алып, жүргізушілерге ай сайын жалақы төлейді. Әрі темір тұлпарлардың күтімі мен салығына кететін ақша тағы бар. Бұлардың барлығына кететін қаржы ондаған миллион теңгеден асып кетеді.

Сондықтан, қызметтік машинадан түсіп таксиге міну шығынды екі есеге дейін азайтады дейді әкім. Әрі таксопарктерге де мол пайда әкеледі екен.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар: 

Киім-кешек алу үшін Қытайға барған әйелдер жолда үсіп қала жаздады

Өлім жақындап қалғанда адамға қандай белгі берілетіні анықталды

Төрт баласымен вокзалда түнеген ақтөбелік келіншекті полицейлер далаға қуып жіберген

Туған ұлын аяусыз тепкен азамат лауазымды жұмысынан айырылып қалды

Алматы тұрғындарына көлікті құжатсыз жүргізуге рұқсат берілмекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1696876-astana-akimi-keler-zhyldan-bastap-qara.html