Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізге белгілі әншілер атышулы Ninety One үшін "Жыл таңдауына" қатысудан бас тартты

Опубликовано:

Отандық Ninety One тобына қатысты тағы да дау шықты. Еліміздегі өте танымал әншілер "Жыл таңдауы" деп аталатын үздік әндер фестиваліне аталған топ үшін қатысудан бас тартқан. Айтуынша, олар Ninety One жігіттерімен бір сахнада тұрғысы келмеген көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы жоба продюсері Жан Мұқанов " rel="nofollow">Muzzone арнасына берген сұхбатына айтты.

"Бұл үлкен фестиваль. Мағынасы, ең маңыздысы - ән. Хит әндерді әншілер жанды дауыста айтады. Он бірдей жүргізушісіміз болады", - деген продюсер бірнеше танымал әншілердің фестивальға қатысудан бас тартқанын жеткізді. Оның айтуынша, басты себеп - Ninety One тобымен сахнаға қатар шыққысы келмеуінде.

"Бірнеше әртіс бар. Осы әртіс қосылды, мен қатыспаймын деп кетіп қалғандар бар. Әйгілі, мықты әншілердің бірі. Мен бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Шашын бояды, сырға тағып жатыр деп сынап жатыр. Дұрыс қой, қазақпыз. Бірақ бұл жерде олар - әртіс, әртістердің өз образы бар. Нақты кім екенін айтпай-ақ қояйын, сахнаға шықпай қалатын әртістер бар", - деді Жан Мұқанов.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар: 

Алматы тұрғындарына көлікті құжатсыз жүргізуге рұқсат берілмекші

Туған ұлын аяусыз тепкен азамат лауазымды жұмысынан айырылып қалды

Қатерлі ісікке шалдыққан жалғызбасты ана лотореядан қомақты қаржы ұтып алған 

Астанада көктайғақ: Рөлге ие бола алмаған Lexus жүргізушісі инспекторды қағып кетті

Төрт баласымен вокзалда түнеген ақтөбелік келіншекті полицейлер далаға қуып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1697110-elimizdegi-belgili-anshiler-ninety-one-ushin-zhy/

pixel