Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құдайындай сыйлайтын құдаларына арнайы медаль таққан той иелері елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Құдаларын құдайдай сылайтын қазақтар "Құда" деген медаль тағып, көпшілікті таңқалдырды. Астана қаласында болған тойлардың бірінде құрметті құдаларға арнайы төсбелгі тағылған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Медаль тағылған той туралы белгілі журналист Арман Сқабылұлы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған. Ол "құда" деген орденнің де жақын арада шығуы мүмкін екенін жазады.

"ҚҰДА деген медаль шығыпты. Қазағым аман болса осы аттас орденнің де ауылы алыс емес-ау!", - дейді Арман Сқабылұлы.

Бұл жазбадан кейін "Құда" медалі көпшіліктің қызу талқысына түскен. Оқырмандардың бірі "Қазағымның ойы да, фантазиясы да асқақ қой" деп өз пікірін жазса, енді бірі "Бұл да кіші бизнес түрі" деп жақтырмаған сыңай танытты.

Кейбірі тіпті бұл медальдің шыққанына екі-үш жыл болғанын жазған.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар: 

Ресей құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетілді

Сағынтаев шетелдік инвесторлар үшін Үкіметті ағылшынша сайратпақшы

Отандық жұлдыздар өмірінде жоғалтқан ең құнды заттары туралы айтып берді 

Сириядағы соғысқа екі жылдың ішінде екі жүзден аса қазақстандық азамат кетіп қалған

Грузияның экс-президенті Саакашвили ұсталған сәтте "төбеден секіремін" деп шу шығарған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1697272-qudayynday-syylaytyn-qudalaryna-arn/

pixel