RU

Қуандық Рахым атышулы Ақбота Сейітмағамбетпен дуэт орындайды (видео)

Сахнаға шыққанына аз уақыт болса да, мыңдаған тыңдарманның жүрегінен орын алып үлгерген әнші Қуандық Рахым 27 желтоқсан күні Республика сарайында жеке ән кешін өткізбекші. Осыған дейін талай қыздармен дуэт орындап жүрген Қуандық, бұл жолы атышулы Ақбота Сейітмағамбетпен бірге ән шырқамақшы.

Бұл туралы Instagram парақшасында әншінің продюсері Жанна Әбуова мәлімдеді.

Қуандықтың тыңдармандары аталған жаңалыққа қуанышты екендерін жеткізіп, алдағы кешті асыға күтетіндерін жазды.

"Қандай күшті! Тезірек естігім келіп тұр!", "Қуаныштымын! Асыға күтеміз!", "Ақбота сізбен жұмыс істесе жақсы болар еді", "Осындай керемет кештің куәсі болғым келеді!",- деп жазған желідегілер.

Тағы оқыңыздар: 

Ресей құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетілді

Сағынтаев шетелдік инвесторлар үшін Үкіметті ағылшынша сайратпақшы

Отандық жұлдыздар өмірінде жоғалтқан ең құнды заттары туралы айтып берді 

Сириядағы соғысқа екі жылдың ішінде екі жүзден аса қазақстандық азамат кетіп қалған

Грузияның экс-президенті Саакашвили ұсталған сәтте "төбеден секіремін" деп шу шығарған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1697471-quandyq-rakhym-atyshuly-aqbota-seyitma.html