Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі барлық елдердің атауы қайдан пайда болды?

Опубликовано:

Әлемде барлығы 251 ел бар. Олардың бәрінің атауы қайдан пайда болғанын ғалымдар түсіндіріп берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы travelask.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оксфордтың әлемдік географиялық атаулары сөздігіне сенсек, мемлекет атаулары келесі төрт санаттың біріне кіреді:

Географиялық орналасуына қатысты атау

Мәселен «Норвегия» атауы ескінорвегиялық northr және veg (Norðrvegr) сөздерінен құралып, "солтүстік жол" деген мағына береді. Австралия атауы болса, "белгісіз оңтүстік жер" мағынасына пара-пар (лат. terra australis incognita). Австрия — «шығыс патшалық».

Елдің ерекшелігі

«Коста-Рика» испан тілінде "бай жағалау" деген мағына береді. Мұндай атауды Христофор Колумб жергілікті тұрғындардың алып алтындар тағып жүргенін көріп берген.

Барбадоса атауын португалиялық зерттеуші Педро Кампос берген. Los Barbados "сақалдылар" деген мағына береді. Зерттеуші өңірдегі ағаштардың "сақалды адамдарға" ұқсас екенін байқап, осындай оғаш атау беріпті.

Ал Аргентина латынның argentum сөзінен шығып, "күміс" деген мағына береді. Өңірде кей мәліметтерге сенсек, өзен толы күміс табылған.

Тайпаның немесе этникалық топтың атауы

Ресей атауы "рос" атты халықтың атауынан пайда болған. Кей ғалымдар "рос" халқын көне викингтерге жатқызады. Франция - "франктар елі", ал Италия — "бұзаулар елі". Себебі елде бұзау өсірумен айналысатын витали халқы болған.

Тарихи тұлға

Филиппиндер атауын Филипп королінің құрметіне алған. Боливия елі тұңғыш президенті болған Симон Боливардың құрметіне аталды. Ал Америка саяхатшы Америго Веспуччидің құрметіне қойылды деген сенім бар.

Тағы оқыңыздар:

Дума депутаты Ресейді қолдау үшін Қазақстанды Олимпиадаға қатыспауға шақырды

Шымкентте қайыршыларды "крышевать" еткен полицей жұмысынан қуылады

Алматыда көше тазалаушы әйелдің қолынан күрегін алып, өзі іске кіріскен жігіт елді тәнті етті (видео)

Жол апатынан кейін алғаш рет ел алдына шыққан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Балқашта нәрестесін түнде жалғыз тастап кеткен ана жұртты шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1697608-alemdegi-barlyq-elderdinh-atauy-qayda/

pixel