RU

Қостанай тұрғыны терезеден құлап кеткен бүлдіршінді қағып алды

Қостанайда белгісіз біреу тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап кеткен бүлдіршінді қағып алып, құтқарып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Костанайские новостиге» сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 4 желтоқсанда болған. Ұл бала бірден емханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жансақтау бөлімінен ауыстырылғанын және жағдайы жақсара түскенін айтуда.

Травматология бөлімінің дәрігері бұл жағдайға қатысты тың мәліметтер берді. Оның айтуынша, балақай терезеден өзі секіріп кеткен болуы мүмкін. Оны оқиға орнында өтіп бара жатқан бейтаныс адам құтқарып қалыпты.

"Бізге ер адам хабарласып, оның денсаулығы жайлы сұрады. Ол балақайды құлаған сәтінде қағып алып, құтқарып қалыпты. Өкінішке қарай, біз оның кім екенін сұрамадық", - дейді емханада.

Ал бүлдіршін қалай құлап кеткені есінде жоқтығын алға тартқан.

Тағы оқыңыздар:

Дума депутаты Ресейді қолдау үшін Қазақстанды Олимпиадаға қатыспауға шақырды

Шымкентте қайыршыларды "крышевать" еткен полицей жұмысынан қуылады

Алматыда көше тазалаушы әйелдің қолынан күрегін алып, өзі іске кіріскен жігіт елді тәнті етті (видео)

Жол апатынан кейін алғаш рет ел алдына шыққан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Балқашта нәрестесін түнде жалғыз тастап кеткен ана жұртты шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1697781-qostanay-turghyny-terezeden-qulap-ket.html