RU

Марат Омаров алты жасында Голливудты бағындырған қызының тойын дүркіретіп жасап берді (фото)

Омаровтар әулеті Алматыда отбасының Зарина Омаровадан кейінгі перзенті Бибімариям Омарованың алғашқы бейнебаянының тұсаукесеріне орай дүркіретіп той жасады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Марат Омаров қызының тойын Алматының беделді мейрамханаларының бірінде өткізуді жөн көріпті. Ерекше безендірілген зал мен кіреберіс 12 жастағы Бибімариямның суреттерінелық толы. Ал залдың ортасында қызының әртүрлі байқаулардан алған дипломдары мен марапаттауларына арнайы бір үстел қойылған.

Қызының алты жасында Голливудта жеткен жетістігі ретінде Бибімариямның шетелдік танымал әншілер Джастин Бибер мен Селена Гоместің ортасында тұрған суреті де залдың қақ ортасынан орын алған.

«Мен қазақтың қызымын» деген жазуы бар торттың да безендірілуі кішкентай Омароваға арнайы жасалынған.

Тойдың тұсаукесер сөзін ақын Иран Ғайып бастап, Бибімариямға ақ батасын берді. Әпкесі Зарина Омарова су жаңа әнінің тұсауын кесті. Әншінің айтуынша, бұл әнді ол арнайы сіңлісінің ұзатуында айту үшін жаздырған.

Әпкесі ән айтса, сіңлісі де қалыспады. Бибімариям өзі билейтін ансамбльмен бірге қонақтарға заманауи би биледі.

Қыздарынан бөлек той сахнасын Марат Омаровтың шәкірттері мен өнердегі достары босатпады. Домбыраны жанды дауыста ойнайтын «Бастау» тобы да ұстаздарын құттықтап арнайы келді.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар: 

Алматы облысындағы жануарлар үйінде аш иттер бір-бірін жеп қойған

Санкт-Петербург музейінен Кенесары ханның кісесі табылды (фото)

Қазақстандық дәрігерлер алғаш рет адамға жасанды жүрек салып берді

Әлемдегі барлық елдердің атауы қайдан пайда болды?

Миллиардер бай болғысы келетіндерге бес ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1698142-marat-omarov-alty-zhasynda-gollivudty.html