RU

Оралдық әйел отбасымен бірге "Ислам мемлекетінің" құрығына қалай түскенін айтты

29 жастағы оралдық әйел отбасымен қалай "Ислам мемлекетінің" құрығына түскенін айтып берді деп хабарлайды «Мой город» порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

2011 жылы Дина (аты өзгертілген) әлеуметтік желі арқылы танысқан Пәкістандағы сүйіктісіне қашып кетіп, тұрмысқа шыққан. Бір жыл өткеннен кейін олар астыртын жолмен Түркияға көшіп барып, ол жерде жұбайлардың екі қызы өмірге келеді.

"Кейін Сириядағы өмірді көрсететін видеолар көре бастадық. Видеода адамдардың шариғат талабына сай жақсы өмір сүріп жатқанын байқадық. Сөйтіп 2015 жылы халифат жарияланған кезде жақсы өмір туралы сөзге сеніп Сирияға кетіп қалдық", - деп әңгімесін бастады Дина.

Өзге мемлекетте олардың тағы екі баласы өмірге келеді. Алайда халифаттағы өмірді көрген отбасы таңырқап қалған.

"Сирияда айтып жатқандай өмір тамаша емес. Ол жақта шариғат заңдарымен өмір сүрмейді. Біз ол жақта "Ислам мемлекетінің" көшіп барғанымыз үшін берген қаржысына өмір сүрдік. Олар бізге уәде еткен ақшасынан аз төлеп жүрді. Күн өткен сайын бұл сома азайып, соңғы рет 30 доллар ғана берді. Бұл ақшаға біз азық-түлікпен керек-жарағымызды алдық. Видеода көрсетілген керемет өмір, ақша және жасалып жатқан жағдайдың бәрі өтірік. Бізді ол жаққа шақырғанда келіп, көруімізге болатынын, егер ұнамаса кез келген уақытта қайтып кетуге болатынын айтты. Алайда бұның барлығы жалған. Ол жерген барғаннан кейін сізді ешкімде де кері қайтармайды.

Ал қашып кеткісі келген адамдардың барлығын ұстап алып, түрмеге тоғытатын. Егер адам жасаған ісіне өкінсе оны босататын, егер өкінбесе өлтіретін. Біз үйге қайту керекпіз деп шештік. Алайда елден кетіп қалу өте қиын. Біріншіден кімге сеніп, кімнен көмек сұрарыңды білмейсін. Кейін бір сириялықты тауып алдық, ол тек бір жол ғана бар екенін және ол жол тек әйелдер үшін екенін айтты. Қыркүйек айында өзге қыздармен бірігіп, күрдтерге берілдік. Сол жерден бізді 13-ші қараша күні Грозныйға алып кетті. Сол жақтан ата-анама оралдым", - дейді келіншек.

Динаның күйеуі әлі күнге дейін Сирияда. Алайда әйел күйеуінің де, өзінің де әскери істерге қатыспағанын айтады.

"Күйеуім әлі де Сирияда. Ер адамдар үшін қайтар жол жоқ. Әйелдері қашып кеткендіктен, ерлеріне қашып шығу қауіпті. Әскерилер отбасы қашып кетккенін білсе, оны өлтіре салады", - дейді Дина.

Қазір 29 жастағы келіншек ата-анасымен және төрт баласымен бірге өмір сүруде. Балалардың ешқандай құжаты жоқ. Дина балаларды балабақша мен мектептке орналастыру үшін құжаттарын реттеуді жоспарлап отыр.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар: 

Шымкентте "проректордың немересімін" деген жігіт 40-қа жуық студентті тақырға отырғызған

Марат Омаров алты жасында Голливудты бағындырған қызының тойын дүркіретіп жасап берді (фото)

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген апалы-сіңлілі әйелдердің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Маңғыстау облысында жантүршігерлік апаттан зардап шеккен жас жігіттің халі мүшкіл

Саакашвили: Порошенко бүкіл Украина халқын диетаға отырғызып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1698177-29-zhastaghy-oraldyq-ayel-otbasymen-qalay.html