RU

Серік Ибрагимов продюсерінен не себепті кеткенін айтты

Алтынбек Рахметов пен Серік Ибрагимовтың арасындағы әріптестік байланыс ресми үзілді.  Бүгінде Серік жеке кеткен, ал бұрынғы басшысы жаңа өнерпаздарды қанатының астына алыпты деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

"Ұсыныс Серіктің тарапынан түсті. Жанұялы болды, балалы болды. Қазір жанымда ұстап, маңдайынан шертіп отыратын жағдайда емес ол. Сондықтан, қанаты қатайды деуге болады. Қанаты қатайғандардың ұядан ұшып кететін жағдайы бар. Оған біз дайын болдық",- дейді продюсер Алтынбек Рахметов.

Серіктің өзі продюсерімен еш өкпе-ренішсіз тарағанын айтуда.

"Негізі уақыт келді. Ойбай, кетіп қалыпты, бет көріспейді деген әңгіме емес. Сондықтан ағамыздың да, менің де бетім ашық. Кез-келген уақытта, кез-келген жерде жүзесіп, амандасып, сөйлесіп кете береміз",- деді әртіс.

Серік Instagram парақшасында, продюсерінің Алтынбек екенін әлі өзгертпеген. Бәлкім, бұрынғы басшысына деген құрметі болар. Ал, Ибрагимовті тойында көргісі келетіндер Рахметовке телефон соғып, тыныштық бермейтін көрінеді.

"Қазірге дейін Серікті менің телефоныма звондап, тойға шақырып тұрады. Бағдарламаларға шақырып тұрады, әкімшінің телефонын беріп тұрамын. Тікелей хабарласа беріңіздер, қазір қолым тимей тұр, жұмыс кестесі өзінде, соған хабарласыңыздар деймін",- деді продюсер.

Айта кететіні, бүгінде Алтынбек мырза жаңа жобаның тізгінін қолға алған. Ол, алдағы уақытта, бірнеше отандық ән додаларының финалисті Райымбек Сатыбалды есімді жас әншінің жұлдызын жағуға ниетті.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар: 

Шымкентте "проректордың немересімін" деген жігіт 40-қа жуық студентті тақырға отырғызған

Марат Омаров алты жасында Голливудты бағындырған қызының тойын дүркіретіп жасап берді (фото)

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген апалы-сіңлілі әйелдердің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Маңғыстау облысында жантүршігерлік апаттан зардап шеккен жас жігіттің халі мүшкіл

Саакашвили: Порошенко бүкіл Украина халқын диетаға отырғызып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1698190-serik-ibragimov-prodyuserinen-ne-sebe.html