RU

Ерке Есмахан "Қайда" әнінің жалғасынан кейін тойға сұраныстың азайғанын айтты

Еркенің «Қайда» әнінің бейнебаяны, қаралымы жағынан рекорд орнатып, әнші аталмыш әннің жалғасын жарыққа шығарған еді. Қазіргі таңда «Кз жігіт» клипі алғашқы хиттің жетістігін қайталай алмаған. Ерке тойшыл қауым көбіне "Қайда" әнін жиі сұрайтынын айтты деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

«Қайда» хит болғалы, өмірімнің басым көпшілігі ұшақта өтеді», – дейді Ерке.

Танымалдылығы артқан әншіге еліміздің әр аймағынан ұсыныстар түсіп, бүгінде той-думанның гүліне айналған. Ырғақты әуен бикештің қалтасын қалыңдатып қана қоймай, тыңдарманның Есмаханға деген қошеметі де еселенген көрінеді.

“Әрине мен үшін өзгерді. Мен өзім өзгермесем де, жан-жағымдағы маған деген қарым-қатынас өзгерді. Сол себепті мен өзім қуаныштымын. Бірақ, асып-тасып бара жатқан ештеңем жоқ. Сол баяғы Еркемін”, – дейді әртіс.

"Кz жігіті" клипінің қаралымы көңіл қуантарлықтай болғанымен, сауық-кештердегі сұранысы саябырсыған сыңайлы. «Қайда» хитінің жалғасын тыңдауға келгенде, тойшыл қауымның салғырттығы сезіледі екен.

“Кішкене басылып қалғанбыз. «Қайда» біріншісінде 5 күннің ішінде миллион жинап, рекорд жасаған. Ал, "Кz жігіт" одан асып түсті, екі күннің ішінде миллион жинап, рекорд жасады. Қазір міне 2-3 апта болып қалды, 5 миллионға жетті. Жаман емес. “Шыны керек, осы "Қайда" әнін айтпаған жерім жоқ шығар. Барған жерімде 2-3 рет айтамын”, – дейді Ерке.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар: 

Шымкентте "проректордың немересімін" деген жігіт 40-қа жуық студентті тақырға отырғызған

Марат Омаров алты жасында Голливудты бағындырған қызының тойын дүркіретіп жасап берді (фото)

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген апалы-сіңлілі әйелдердің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Маңғыстау облысында жантүршігерлік апаттан зардап шеккен жас жігіттің халі мүшкіл

Саакашвили: Порошенко бүкіл Украина халқын диетаға отырғызып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1698226-erke-esmakhan-qayda-anininh-zhalghasynan.html