Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өлуге дайын": Басшылары аяғын жуған суды ырымдап ішкен сопылардың былығы ашылды

Опубликовано:

Шымкенттік қоғам белсендісі Абдулла Бакадыр қазақстандық сопылардың былықтарын жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Кезінде облыстық діни кеңестің мүшесі болған азамат зікіршілерді 25 жыл бойы зерттеп және олармен күресіп келе жатқанын айтты.

«Зікіршілердің ошағы – Таразда болғанымен оның мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау қалаларында өте көп. Тіпті, билікте отырған кейбір азаматтар да осы ұйымның мүшесі және қолдайды» ,- дейді белсенді Абдулла Бакадыр.

Бұрынғы мешіт қызметкерінің айтуынша, сопылардың қаупі үлкен. Тіпті, олар «Пірлері» үшін өлуге дайын.

«Ғаламтор желісінде де сектанттардың бет пердесін әшкерелейтін видеолар таралып жатыр. (Қажылықтан келген басшыларын ақ киізге салып көтеріп, қолына ақша ұстатып жатқан сәт.)  Ал ел білмейтін былықтары шаш етектен.

Ең сорақысы, бұл зікіршілер «Пір» санайтын бас ұстаздарының аяғын қолдарымен өздері жуып, сосын ол суды төкпей, өздері ішеді. Осыдан-ақ олардың миларының қаншалықты уланып қалғанын түсінуге болады . Яғни сопылыққа мүше болғандардың барлығы робот секілді. Басшылары не айтады соны істейді, «өл» десе өлуге дайын. Сосын ұйым мүшелері «Пірдің» қолын алса бар күнәміз жойылды, өздерін жаңа туға сәбидей пәк санайды», - деп түсіндірді ол.

Сопылар имамдарды тыңдамайды да, менсінбейді де.

Жас қыздарға үйленіп, артынша талақ айтып тастап кету үрдісі сопылардың арасында да кең таралған. Жат ағымның жетегіндегілер өз некелерін өздері қиып, өздері ажырасып жүре береді. Яғни басқа мұсылмандар некелерін бірнеше куәгерлердің көзінше имамдарға қидыртса, зікіршілер өз некесін өзі қияды.

Олардың басым көпшілігі мешітке бармайды. Себебі, имамдарды менсінбейді, айтқан уағызына мойынсынбайды. Керісінше «Пірдің» айтқан әр сөзі - заң. Сопылар құранды бұрмалап, пайғамбардың айтпаған сөзін айтты деп өз қалауларынша түсінеді екен.

«Қазақстанда сопылардың алғашқылары осыдан 20 жыл бұрын пайда болды. Қазір бір басшысы бостандықта жүр. Олар әлі күнге жасырын жиналып, дискотека сияқты ұйымдастырып, билеп, зікір салып тұрады.

Осы тыйым салынған ұйымның мүшелері - білімдері таяз, тұрақты жұмысы жоқтар. Бұрын араб елдеріндегі бай шейхтардан ақшалай көмек болып, соған жан бағатын. Қазір шет елден қаржы аударылымына тыйым салынған соң, сырттан тегін тауар алып, соны базарда сату арқылы жан бағады.

Бұлардың  басшылары жоғарыда да отыр. Ертең бір жағдай болса осы жақтастары бас көтеріп шығуы мүмкін. Себебі сопылардың барлығы ойлау қабілетінен айрылған, пірлерінің айтқанымен жүріп тұратын, өз ойы жоқтар», - деп түсіндірді Абдулла Бакадыр.

Атышулы белсендінің сөзінше, Дін істер министрілігінің әр өңірде ашылған орталықтары ғана зікірші болып, жат ағымның жетегінде кеткендермен күрес жүргізіп жатыр. Бірақ сопылыққа бет бұрғанның көпшілігінің тура жолға түсіп кетуі екіталай екен.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Алматыда апалы-сіңлілі әйелдерді аяусыз өлтірген күдікті ұсталды

Оралдық әйел отбасымен бірге "Ислам мемлекетінің" құрығына қалай түскенін айтты

Қазақ қыздарының жүрегін жаулаған түрік актері Алматыға келді (видео)

Банкоматтан сыммен қыстырылған ақша алған шымкенттік тұрғын аң-таң болып қалды (видео)

Ташкентте есектің етінен колбаса дайындап келгендер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1698330-qazaqstandyq-sopylar-basshylarynynh/

pixel