RU

75 жасқа толған халық әртісіне қастандық жасаған танымал тұлғалар кімдер?

Халыққа патриоттық әндерімен танылған Халық әртісі Сара Тыныштығұлова 75 жылдық мерейтойы қарсаңында «Время» басылымына эксклюзивті сұхбат беріп, өзіне қастандық жасаған тұлғалар туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Алғаш рет басымнан таспен ұрды, екінші рет суыма бірдеңе қосып улауға тырысты. Концерттен шығып, құшақ-құшақ гүліммен келе жатқанымда, подъездің алдында ұзын бойлы жас жігіт тұр екен. «Есікті ашып жіберші, күнім» дегенім сол еді, басымнан таспен бір ұрды. Сол соққының зардабынан әлі күнге дейін жүйкем сыр береді. Осыдан кейін 2001 жылы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына кіріп, ән айтуыма тосқауыл қойып жүрген «Қазақконцерт» басшылары туралы шағымымды жеткіздім. Президент пәтер немесе машина сұрайды деп ойлаған болуы мүмкін. Ал мен жай ғана «Ән айтуыма көмектесіңізші» дедім. Ол кісі «Ән айтатын боласыз!» деді және солай болды да", - деп есіне алды әнші.

Сара Тыныштығұлова екінші рет өлтіруі мүмкін екенін айтқан ағасының ескертуіне құлақ аспаған.

"...Бір күні мен сахнаға шығарда бөлмеме екі бөтелке су қойды. «Олардың алдыңғысынан ештеңе шықпады, келесі жолы не улайды, немесе басқа бірдеңе жасайды» деген ағамның ескертуіне құлақ аспастан, мен әлгі суды іштім. Содан ақырындап есімді жоғалта бастадым, денемді біреу пышақпен кескілеп жатқандай қатты ауырдым", - дейді әртіс.

Осының бәрін жасаған адамды білесіз бе? деген сауалға әнші:

"Білемін, бірақ аттарын атай алмаймын. Бір нәрсені ғана анық айта алам, менің бақталастарым өте танымал, халықтың сүйікті әртістері", – дейді Сара Тыныштығұлова.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Алматыда апалы-сіңлілі әйелдерді аяусыз өлтірген күдікті ұсталды

Оралдық әйел отбасымен бірге "Ислам мемлекетінің" құрығына қалай түскенін айтты

Қазақ қыздарының жүрегін жаулаған түрік актері Алматыға келді (видео)

Банкоматтан сыммен қыстырылған ақша алған шымкенттік тұрғын аң-таң болып қалды (видео)

Ташкентте есектің етінен колбаса дайындап келгендер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1698379-75-zhasqa-tolghan-khalyq-artisine-qastandy.html