RU

Әйгілі үнді фильмінің жұлдызы созылмалы дерттен көз жұмды

Әйгілі үнді актері Шаши Капур 79 жасында ауыр дерттен көз жұмды. Бұл туралы Газета басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Болливуд жұлдызы тыныс алу жолдарындағы инфекцияға байланысты жансақтау бөліміне түсіп, ауруханада қайтыс болған.

Ол кино әлемінде алғаш рет "Тағдырдың ұлы" фильмінде бақ сынады. Сондай-ақ, Капур үнді фильмдерінің басты жұлдызы Амитабх Баччанмен бірге көптеген туындыларда өнер көрсетті.

1979 жылдан бастап ол режиссерлік салаға бет бұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1698385-aygili-undi-filmininh-zhuldyzy-sozylm.html