RU

"Менен бандит жасап отыр": Еркін Ізбасаров әлі де Алладан үміттенетінін айтты

Ақтөбеде қылмыстық топ құрды деп айыпталған 26 адамнан жауап алу басталды. Қылмыстық топтың басшысы ретінде таныстырылған Еркін Ібасаров жауап бермес бұрын журналистерді іздеді. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Журналистер қайда? Журналистер келсін, журналистер бар ма?", - деген сотталушыға сот төрағасы тілшілердің басқа залда тыңдап отырғанын түсіндірді.

"Журналистер отырса тыңдасын, жазсын. Ішпей-жемей мені қамап тастады. Не үшін отырғанымды білмеймін. Менен бірде-бір рет жауап алынған жоқ. Мені ұрды, соқты, омыртқамды сындырды. Оны барды да "өзін-өзі ұрды" деп интернетке салып жіберді. Бұлар халықты алдап, менен жасанды "бандит" жасап отыр", - деді Еркін Ізбасар.

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының жетекшісі ретінде танылған азамат өзінің жазықсыз екенін қайталаумен болды.

"Алладан үміттенемін, бəрі жала. Сендер түсініңдерші, мен ауру адаммын. Біз бауырларымызбен мүгедектерге жылда концерт жасаймыз. Прокурорлардың айтқанында бір шындық жоқ. БАҚ өкілдеріне басқа жағынан ақпарат беріп жатыр.

Жандарың ашыса, менің жарты денем жұмыс жасамайды. Маған төрт рет ота жасалды. Мына балаларға обал, адамның жүрегі бар шығар", - деді Еркін Ізбасар сотқа берген жауабында.

Сотқа күдікті ретінде жауапқа тартылған 26 адамнан Ақтөбедегі мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жауап алынып жатыр.

Қылмыс əлемінде "Ағайынды төртеу" лақап атымен танылған қылмыстық топқа мұнай өнімдерін ұрлап, сатты деген айып тағылған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Петропавлда із-түзсіз жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Күнделікті өмірдегі "тәтті сәттерді" бейнелейтін суреттер көпшілікті тәнті етті 

Ғашығына тура кинотеатрда ерекше ұсыныс жасаған азамат желіде жұлдыз болды

Мұхамедиұлы еліміздің 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысатынын жеткізді

Ақтөбеде қарақалпақстандық күйеуі тастап кеткен бес балалы әйел далада қаңғып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1698908-menen-bandit-zhasap-otyr-erkin-izbasar.html