RU

Сәбиін унитазға ағызып жібермек болған 15 жасар қыз жұртты шошытты

Ресейдің Челябинск облысына қарасты Троицк қаласындағы жатақханалардың бірінде 15 жасар оқушы қыз жаңа туған сәбиін унитазға ағызып жібермек болған. Бұл туралы ura.ru басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

18 жастағы жігіт пен 15 жастағы оқушы қыз жаңа туған сәбилерінен құтылу үшін бар амалды жасаған. Дәрігерлерге мүлдем көрінбей, тіркеуге тұрмаған оқушы қыз баласын унитазға ағызбақ болғанда сәби дауысын үлкендер естіп қояды.

Кәмелет жасына толмаған қыздың бұл әрекетін жігіттің анасы байқаған. Олар дереу жедел жәрдем шақырып, іске полицияның араласуына тура келді. Бүгінде ана мен сәби ауруханада жатыр.

Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Сәбидің өмірі үшін дәрігерлер жанталаса күресуде. Ал нәресте әкесі мен шешесіне де, сондай-ақ, туыстарына да керек болмаған. Сол себепті, ол балалар үйіне өткізілуі мүмкін.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1699111-sabiin-unitazgha-aghyzyp-zhibermek-bolgh.html