RU
Әйгілі түрік актерін шақырған "Жыл таңдауы" додасы елдің көңілінен шықпады (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әйгілі түрік актерін шақырған "Жыл таңдауы" додасы елдің көңілінен шықпады (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Кеше еліміздің шоу-бизнес ортасындағы елеулі оқиғалардың бірі - отандық әншілер мен өнерпаздардың ең үздіктерін таңдап, сарапқа салатын "Жыл таңдауы" фестивалі болып өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған шараға түрік актері Юсуф Чим, Лилит Оганесян, ресейлік Винтаж тобы арнайы қонақ ретінде шақырылып, жетпістен аса қазақстандық әнші қатысты. Сондай-ақ, кешті ұйымдастырушы Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, бұл шараның басты ерекшелігі - қазақ айтыскерлерінің де жүлдеге ие болуы болып отыр.

Шара басталмас бұрын  ұйымдастырушылар түрік актері Юсуфпен баспасөз конференциясын өткізген. Алайда олар баспасөз конференциясын белгіленген уақыттан екі сағатқа кеш бастап, журналистерді күттіріп қойды.

"Жыл таңдауы - 2018" жыл сайынғы фестивалінде 11 отандық жұлдыз жүргізуші болды. Олардың қатарында Тоқтар мен Бейбіт, Ерке Есмаxан мен Юсуф Чим, Құралай Анарбекова, Тәуекел Мүслім, Дәулет Бижанов, Әсел Асқар, Нұрсұлтан Құрман, Ләйлә Сұлтанқызы мен Мая Бекбаева бар. Аталған фестиваль Алматыдағы "Алматы Арена" кешенінде болып өтті.

Залға жиналған көрермендердің қарасы көп болғанымен, фестивальдің ұйымдастырылуына көңілі толмағандар да аз болмады.

"Жыл таңдауынан" мен үлкен шоу күткен едім. Концерт кеш басталғаны өз алдына, артта отырған көрермендер əншілерді алыстан көріп, дауыстарын алыстан естідік", - деп ренішін білдірді залдағы көрерменнің бірі.

Айнұр есімді бойжеткеннің айтуынша, ол мұнда түрік актері үшін ғана келген.

"Юсуф Чим - сүйікті актерім. Мұнда құрбыларыммен сол үшін келдік. Біз бәріміз оның "Құлпынай иісі" телехикаясы арқылы білеміз және жақсы көреміз. Сондықтан бұл шараға сол үшін ғана келдік. Шыны керек, біздің концерттің сапасына көңілім толмады. Көп әншілер жанды дауысты ән айта алмай қалды. LED-экрандар істемей тұрды. Дауыстар алыстан естілді. Сол үшін ұялдым", - дейді ол.

Кеш жүргізушілерінің бірі болып таңдалған Тоқтар Серіковтің айтуынша, ол бұл сахнаға басында шықпаймын деп ойлаған. Оған себеп - концертте Ninety One тобының өнер көрсетуі.

Дегенмен, "битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа" деген ұстанымдағы әнші өзінің сахнаға аталған топ үшін шықпай қалған әріптестерінің әрекетін құптамайтынын айтты.

Ең үздік әншілердің қатарында Кәмшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан, Нұрболат Абдуллин, Тоқтар Серіков пен Бейбіт, Ninety One тобы және т.б. көптеген әншілер көрінді.

Бір қызығы, сахнаға Юсуф Чимнің шығуын сарыла күткен көрермендердің біразы соңына дейін қалмай, қайтып кетті.

Концертте ерекше образымен ерекшеленген Кәмшат Жолдыбаеваны бір қарағанда тану мүмкін емес. "Падиша" әніне сай ерекше образда келген ол ашық киімімен елдің назарына түсті.

Әйгілі түрік актерін шақырған "Жыл таңдауы" додасы елдің көңілінен шықпады (фото, видео)

Кәмшат Жолдыбаева. Фото: NUR.KZ

Әйгілі түрік актерін шақырған "Жыл таңдауы" додасы елдің көңілінен шықпады (фото, видео)

Фото Instagram парақшасынан алынды

Әйгілі түрік актерін шақырған "Жыл таңдауы" додасы елдің көңілінен шықпады (фото, видео)

Фото Instagram парақшасынан алынды

Әйгілі түрік актерін шақырған "Жыл таңдауы" додасы елдің көңілінен шықпады (фото, видео)

Фото Instagram парақшасынан алынды

Әйгілі түрік актерін шақырған "Жыл таңдауы" додасы елдің көңілінен шықпады (фото, видео)

Фото Instagram парақшасынан алынды

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан Иерусалимдегі шиеленіске алаңдай бастады

Оралда қар жауғанда асфальт төсеген депутат ұятқа қалды

Қартаюға қарсы дәрінің қатерлі ісікті де емдейтіні анықталды

Тоқтар Серіков "Ninety One" тобымен сахнаға шығуға қарсы болған 

Қостанайда полицей 400 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
28
6
3
1
1
10
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір