RU

10 жыл бұрын жоғалған әмиянын ақшасымен қоса қайтып алған азамат өз көзіне сенбеді

Швейцария тұрғынына 2007 жылы жоғалған әмияны мен оның ішіндегі заттары түгелімен қайтарылып берілді. Петер Марку осыдан 10 жыл бұрын Харкинген қаласындағы пошта қоймасының құрылысы кезінде дүниесін жоғалтып алған деп жазады 24.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әмиян ішінде оның құжаттары, несие картасы мен 500 франк ақшасы болыпты. Алайда ер адам үшін ескі 20 франктық банкнота ең қымбат болған.

Ол 1989 жылы Швейцарияға қоныс аударған күннен бері сол ақшамен өмірін бастап, бойтұмар ретінде сақтап жүріпті. Әмияны жоғалған соң Марку әріптестерімен барлық құрылыс алаңын қарап шығып, таба алмаған.

Бірнеше күн бұрын ер адамға Харкингендегі пошта орталығынан қоңырау шалып, қызметкерлерінің бірі оған тиесілі затты тауып алғанын айтқан.

Сүйінші хабарды ести сала, дүниесін алуға барған Марку әмиян ішіндегі заттардың бәрі орнында екеніне көз жеткізді.

«Швейцарлықтар шынымен өте әділ жандар екен», – дейді таңғалған Марку тілшілерге.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан Иерусалимдегі шиеленіске алаңдай бастады

Оралда қар жауғанда асфальт төсеген депутат ұятқа қалды

Қартаюға қарсы дәрінің қатерлі ісікті де емдейтіні анықталды

Тоқтар Серіков "Ninety One" тобымен сахнаға шығуға қарсы болған 

Қостанайда полицей 400 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1699261-10-zhyl-buryn-zhoghalghan-amiyanyn-aqshasymen.html