RU

Амангелді Айталы: Қазаққа «Құдай салды, біз көндік» деген көзқарастан арылу керек

Белгілі ғалым, Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы қазақ көзқарасын өзгерту керек екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Тарихын білмеген ұлт жетім бала сияқты. Әкесі мен шешесін білмейтін жетім баланың кейпінде. Ұлтының тағдырын білмеген адам жетім баладай болады. Әлихан Бөкейханов көбіне қазақтарды сынайды.

Қазақтың үлкен кемшілігі бар: неше түрлі жалған әңгімелерге көп сенеді де, тарихқа көп көңіл бөлмейді, ізденбейді деген. Қазақ тарихқа тағдырдың көзімен қарайды.

Құдай салды, біз көндік. Алла біледі, біз білмейміз дейді. Қазақ тоталитарлық көзқарастан арылу керек. Аллаға сенсін, бірақ, қазақ тарихта білгілі бір тұлға, тарихта аты қалатын ұлт болу керек. Белсенді болу керек. Қазақ өз қолымен өз тарихын жасайды», - дейді Амангелді Айталы.

«Алаш идеясы – Мәңгілік елдің ұстанымы» атты республикалық конференцияда сөз сөйлеген қоғам қайраткері жастардың тарихты білуі керек деген мәселеге көбірек тоқталды.

«1905 жылы Щербина деген орыс ғалымы кітап шығарады. Оның бірқатар бөлігі қазақтарға және оның психологиясына арналған. Шетел ғалымы қазақтарды зерттеп, 13 жаман мінезін анықтайды: «Шынайы намыстың жоқтығы, шартты ержүректілік, шартты адалдық, өтірікшілік, пайдақорлық, мылжыңдық, бейқамдық, өсек-аяңшылдық, даукестік, даңқойлық, мақтаншақтық, айлакерлік, нәпсәқұмарлық» деген.

Осы мінездер біздің бойымызда сол кезде де болған, қазір де бар деп ойлаймын. Патша үкіметі осы мінезді пайдаланғысы келді», - дейді қоғам қайраткері.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің бірқатар өңірлерінде бұрқасын болып, жел күшейеді

Қырғызстанда жеті жасар қызға азғындық көрсеткен мұғалім түрмеден құтылды

Жол қасіреті: Маңғыстауда жүргізуші көлік ішінін шыға алмай, тірідей жанып кеткен

Назарбаевтың сынынан соң шенеуніктер шетел асқан миллиардтарды қайтаруға кірісті

10 жыл бұрын жоғалған әмиянын ақшасымен қоса қайтып алған азамат өз көзіне сенбеді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1699367-amangeldi-aytaly-qazaqqa-quday-sald.html