RU

Қазақстанның Бас мүфтиі қызметінен кетті (фото)

ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти қызметінен кетіп, орнына Серікбай қажы Ораз сайланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті. Құрылтай жұмысына Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мүшелері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, еліміздің әр облысынан келген құрылтай делегаттары қатысты.

ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынды.

«Құрметті құрылтай делегаттары, осыдан 5 жыл бұрын Бас мүфти қызметіне сайланғанымда бұл аманатты абыроймен атқарып шығуды Алладан сұрап едім. Сіздермен бірге көптеген ауқымды іс-шараларды атқардық.

Бұл аманатты орынбасарым Серікбай қажы Оразға тапсыруға шешім қабылдадым. Ол 20 жылдан астам діни салада қызмет етіп келеді. Діни басқарма тарихында үш мүфтидің кезеңінде белсенділігімен көзге түсті. Оның идеясы мен іскерлігінің арқасында көптеген игі жобалар жүзеге асты.

Серікбай қажы Ораз Бас мүфти қызметін жоғары деңгейде атқарады деген сенімдемін. Сіздер де бұл ойымды құптайсыздар деп ойлаймын», – деп атап өтті.

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Оразға дауыс беріп, бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайлады.

Серікбай Сатыбалдыұлы құрылтай делегаты алдында діни салада аянбай қызмет етуге сенім білдірді.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің бірқатар өңірлерінде бұрқасын болып, жел күшейеді

Жол қасіреті: Маңғыстауда жүргізуші көлік ішінде тірідей жанып кетті

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жеңіл атлетика федерациясын өзі басқаратын болды

Амангелді Айталы: Қазаққа «Құдай салды, біз көндік» деген көзқарастан арылу керек

Баян Мақсатқызының атышулы "Кешью" тобы "Жыл таңдауы" жүлдесінен құр қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1699476-qazaqstannynh-bas-muftii-qyzmetinen-k.html